«Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10801 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларында:

14-тармақ мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:

«15-2) дербес білім беру ұйымдарының инвстициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру есебінен алынған, сондай-ақ мемлекет дербес білім беру ұйымдарының меншігіне берген дербес білім беру ұйымының мүлкі туралы мәліметтер.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және                      2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                               Аты-жөні

 

Дата публикации
06 марта 2025