Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Түгендеу карточкасының тақырыбы мүліктің кімге берілгені, мүлікті беру күні туралы мәліметтерді қамтиды. Мүлікті сатқан кезде түгендеу карточкасында бюджетпен немесе Арнаулы мемлекеттік қормен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (құжаттарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.»;
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Ақша түрiндегі мүлiк бюджет кiрiсiнің есебіне немесе Арнаулы мемлекеттік қорға есептелінеді. Шетел валютасы операция жасалған күнi белгiленген валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы бюджет кiрiсiненемесе Арнаулы мемлекеттік қорға есепке жатқызылады. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған, айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткізу тәртібі, сондай-ақ оларды өткізуден түскен ақшаны бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аудару тәртібі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқармасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 63 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Ақша түрiндегi мүлiктi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның филиалдарына берудi осындай мүлiктi алған орган мүлiктiң сомасы, берілу уақыты және алушысы көрсетілген беру туралы хабарламаны уәкiлетті органға жiбере отырып жүргiзедi.
33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) кезде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Егер мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізілген жағдайда оның құнын өтеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде тиісті бюджет қаражаты немесе Арнаулы мемлекеттік қоры есебінен жүргізіледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов