Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакетін «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ПКҚ» АҚ) акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «ПКҚ» АҚ-мен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.».
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |