2024 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерді таныстыру хаттамасының 2-тармағының
11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
- Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мемлекеттік заңды тұлғалар арасында мемлекеттік мүлікті электрондық форматта беру жөніндегі пилоттық жоба іске асырылсын.
- Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мемлекеттік заңды тұлғалар арасында мемлекеттік мүлікті электрондық форматта беру жөніндегі қағидалар бекітілсін.
- «Ақпараттық-есепке алу орталығы» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың техникалық іске асырылуын қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері осы бірлескен бұйрықты құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың назарына жеткізсін.
- Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің жетекшілік ететін вице-министрлеріне жүктелсін.
- Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Әділет министрі
__________ М. Такиев __________ Е. Сәрсембаев
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
___________Ж. Мәдиев