Қазақстан Республикасының Президентi туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңы.
МАЗМҰНЫ
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Ескерту. Тақырып пен кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 1999.05.06. № 378 Конституциялық заңымен.
I тарау
Қазақстан Республикасы Президентiнiң мәртебесi
1-бап. Республика Президентi
2-бап. Республика Президентiн сайлау
Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3-бап. Республика Президентiнiң қызметiне кiрiсуi
Президент кезектен тыс сайлауда сайланған жағдайда не Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Президент өкілеттігін қабылдағанда, ант беру президенттік сайлау қорытындысы жарияланған не Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі. Бұл жағдайларда ант беру күнін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
Ант беру салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Сот судьяларының, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық экс-Президенттерінің қатысуымен өткізіледі.
4-бап. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi
1-1. Кезектен тыс сайлауда сайланған Республика Президентінің өкілеттігі кезектен тыс сайлаудан кейін жеті жылдан соң желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізілуге тиіс кезекті сайлауда сайланған Республика Президенті лауазымына кіріскенге дейін жүзеге асырылады.
5-бап. Республика Президентi лауазымында болуға байланысты шектеулер
Президент ант берген кезден бастап он күн ішінде саяси партиядан шығуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік саяси қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаратын жақын туыстары Қазақстан Республикасының Президенті ант берген кезден бастап бір ай ішінде отставкаға беруге не атқаратын лауазымын босатуға тиіс.
Осы тармақтың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары деп: ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері, сондай-ақ жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары, балаларының жұбайы (зайыбы), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) балалары түсініледі.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06. № 378 , 2007.06.19. № 265; 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
6-бап. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi
II тарау
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi
7-бап. Республика Президентiнiң сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi
1) келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
2) келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк бередi;
3) алып тасталды - ҚР 06.05.1999 № 378 Конституциялық заңымен.
4) бекiту грамоталарына қол қояды;
5) Республика жасасқан, бекiтуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;
6) Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау туралы ұсыныс енгiзедi.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06. № 378 Конституциялық заңымен.
8-бап. Республика Президентiнiң мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылық құрамын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қатер төнген әрi мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейiн, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады;
3) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды;
4) Парламент Палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Республика Қарулы Күштерiн бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн пайдалану туралы ұсыныс енгiзедi;
5) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды;
6) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiтедi;
7) Республика азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмдi әскери қызметтiң қызметшiлерiн запасқа шығару туралы шешiм қабылдайды;
8) Парламент Сенатының келiсiмiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06. № 378 Конституциялық заңымен; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
9-бап. Республика Президентiнiң Парламентке қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламентке және оның Палатасына кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды;
2) Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Сенаттың он депутатын тағайындайды, олардың бесеуі Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындалады. Сенаттың тағайындалатын мүшелері өкілеттіктерінен айырылған немесе олардың өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда бір ай мерзімде шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды;
3) сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады;
4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды;
5) Парламент Сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады;
6) әдетте, Парламент сессияларын ашады;
7) Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады, онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады;
8) Парламент ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; егер Парламент Конституцияның 53-бабының 1-2) тармақшасында және 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Президенттің қарсылығын еңсерсе, бір ай ішінде заңға қол қояды;
9) Парламенттiң қарауына Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы жоба беруге хақылы;
9-1) заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді;
10) заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi;
11) Парламент Палаталарының кез келген бiрлескен отырыстарына немесе оның Палаталарының бөлек отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар;
12) Республика Конституциясының 57-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайда Yкімет мүшесiн қызметтен босатады;
13) Конституцияда көзделген тәртіппен Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06. № 378, 2006.12.11. № 200 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.06.19. № 265; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
10-бап. Республика Президентiнiң Үкiметке қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламент Мәжілісінің келiсiмiмен Республиканың Премьер-Министрiн қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
2) Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде оның енгізген ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады;
3) Үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды;
4) жүйелi түрде Премьер-Министрдiң Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы және оның барлық маңызды шешiмдерi туралы баяндамасын тыңдайды, оның барысында Премьер-Министр Үкiмет жұмысы туралы есеп бередi;
5) Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін келіседі;
5-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін және мемлекеттік бағдарламаларды келіседі;
6) ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді;
7) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
8) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
9) егер Үкiмет пен оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi жүзеге асыруы мүмкiн емес деп санаса немесе егер Парламент Мәжілісі не Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрсе, олар мәлiмдеген орнынан түсуi туралы, сондай-ақ Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшесi мәлiмдеген орнынан түсуi туралы шешiмдi қабылдайды;
10) Үкiмет немесе оның кез келген мүшесi мәлiмдеген орнынан түсудi он күн мерзiм iшінде қабылдайды немесе қабылдамай тастайды;
11) Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуiн қабылдамай тастаған ретте оларға өз мiндетiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады;
12) өз бастамасы бойынша Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату, Премьер-Министр мен Үкiметтiң кез келген мүшесiн қызметтен босату туралы шешiм қабылдауға хақылы;
13) өз актiлерiмен Үкiметке Республика Конституциясы мен заңдарында белгiленгеннен басқа атқару мiндеттерiн жүзеге асыруды жүктеуге хақылы;
14) Республика Үкiметiне тапсырмалар бередi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06. № 378, 2007.06.19. № 265; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 109-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
11-бап. Республика Президентiнiң Конституциялық Сотқа қатысты өкiлеттiгi
Ескерту. 11-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Республика Президентi:
1) Парламент Сенатының келісімімен Конституциялық Соттың Төрағасын және Конституциялық Соттың төрт судьясын қызметке тағайындайды, конституциялық заңға сәйкес оларды мерзiмiнен бұрын қызметтен босатуға хақылы;
1-1) Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Конституциялық Сот судьяларының арасынан Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын тағайындайды;
2) Республика Конституциясының 44-бабының 10-1) тармақшасында және 72-бабында көзделген жағдайларда Конституциялық Сотқа өтiнiш жасайды.
3) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 5.11.2022 № 156-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
12-бап. Республика Президентiнiң соттарға және судьяларға қатысты өкiлеттігі
Республика Президенті:
1) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесін негізге ала отырып, Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын қызметке сайлау және қызметтен босату үшін Парламент Сенатына ұсынады;
2) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.19. № 265 Конституциялық заңымен.
13-бап. Республика Президентiнiң прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республиканың Бас Прокурорын бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады.
2) Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Республика Бас Прокурорының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) әр тоқсанда кемiнде бiр рет Бас Прокурордың елдегi заңдылықтың жай-күйi туралы есебiн тыңдайды.
14-бап. Республика Президентiнiң Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін тағайындайды;
2) Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiтедi;
3) Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының тағайындалған республикалық референдумға, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға әзiрлiк барысы туралы және референдум мен сайлау нәтижелерi жөнiндегi хабарламасын тыңдайды.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.19. № 265 Конституциялық заңымен.
15-бап. Республика Президентiнiң Ұлттық Банкке қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республика Ұлттық Банкiнiң Төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
2) Ұлттық Банк Төрағасының ұсынысы бойынша Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) әр тоқсанда кемiнде бiр рет Ұлттық Банк Төрағасының Республика Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы есебiн тыңдайды.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.19. № 265 Конституциялық заңымен.
16-бап. Республика Президентiнiң Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына қатысты өкілеттіктері
Республика Президентi:
1) Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзiмге лауазымға тағайындайды, оларды лауазымынан мерзiмiнен бұрын босатуға құқылы;
2) Жоғары аудиторлық палата туралы ереженi бекiтедi;
3) тоқсанына кемiнде бiр рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының жұмысы туралы ақпаратын тыңдайды.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
17-бап. Республика Президентiнiң әкiмдерге қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының әкімдерін қызметке тиісінше облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары депутаттарының келісімімен тағайындайды;
2) алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен;
3) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша әкiмдерге тапсырмалар бередi және олардың орындалуы жөнiнде әкiмдердiң есебiн тыңдайды;
4) өз қалауы бойынша, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне тиісті мәслихаттар өз депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сенімсіздік білдірген жағдайда, оларды лауазымынан босатуға құқылы.
4-1) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06. № 378, 2007.06.19. № 265; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
17-1-бап. Республика Президентiнiң өзiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға қатысты өкiлеттiгi
1) осы мемлекеттiк органдар туралы ережелердi, олардың құрылымы мен жалпы штат санын бекiтедi;
2) егер Республика Президентi өзгеше белгiлемесе, Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдар басшыларының орынбасарларын, осы органдар ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) аталған мемлекеттiк органдардың ведомстволарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Егер Республика Президентi өзгеше белгiлемесе, бұл ведомстволар орталық атқарушы органдардың ведомстволары үшiн көзделген мәртебенi иеленедi.
Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 1999.05.06. № 378 Конституциялық заңымен.
18-бап. Республика Президентiнiң республикалық референдумға қатысты өкiлеттiгi
1) референдум өткiзу туралы;
2) референдум өткiзбей-ақ, оның мәнi ретiнде ұсынылып отырған мәселе жөнiнде Республика Конституциясына, конституциялық заңына, заңына өзгертулер мен толықтыруларды немесе өзге шешiмдi қабылдау қажеттiгi туралы;
3) референдум өткiзу туралы ұсынысты қабылдамай тастау туралы. Егер Республика Президентi Конституцияға өзгерiстер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк дауысымен Парламент Конституцияға осы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Республика Президентi бұл заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады.
Ескерту. 18-бап толықтырылды - ҚР 1999.05.06. № 378 Конституциялық заңымен.
19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) жыл сайын Қазақстан халқына елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы ауызша не жазбаша жолдау арнайды. Егер арнау Парламент сессиясында жария етiлсе, ол талқыланбайды, ол бойынша сұрақ қойылмайды;
2) алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;
3) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды және құрметтi, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi; аталған наградалардан, атақтардан, шендерден, дәрежелер мен сыныптардан айырады;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны сақтау және одан шығу, Республика азаматтығын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдайды;
5) саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;
6) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;
7) Республиканың Мемлекеттiк кеңесшісін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды;
7-1) Парламент Сенатына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кандидатурасын бес жыл мерзімге қызметке сайлау және қызметтен босату үшін ұсынады;
8) ұлттық валютаның қолданылу тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын белгiлейдi;
9) Президент Әкімшілігін жасақтайды; Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады;
10) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
10-1) Парламент Сенатының келісімімен Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын тағайындайды;
11) Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;
12) Республика Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06. № 378, 2007.06.19. № 265; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
III тарау
Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi
20-бап. Республика Президентi актiлерiнiң нысандары
Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06. № 378 Конституциялық заңымен; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
21-бап. Республика Президентiнiң жарлықтары
1) Президенттiң Республика Президентiнiң актiлерiн шығаруды талап ететiн конституциялық өкiлеттiгi жүзеге асырылады;
2) мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгiленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi;
3) Парламенттiң заңдық құзыретiне кiрмейтiн, сондай-ақ Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдардың заңмен белгiленген құзыретiне жатпайтын мәселелердi құқықтық реттеу жүзеге асырылады;
4) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк-саяси дамуының стратегиялық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылданады.
22-бап. Республика Президентiнiң өкiмдерi
1) әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу жүзеге асырылады;
2) Республика Президентiнiң құзыретiне сәйкес конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.
23-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн дайындау және оларды Президенттiң қарауына енгiзу
1) Президент Әкімшілігі және Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдар;
2) Республика Үкiметi;
3) Жоғарғы Сот;
4) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
5) Республика Президентi белгiлейтiн өзге де мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар.
1) қазақ және орыс тiлдерiнде дайындалып, Президенттiң қарауына енгiзiледi;
2) заң техникасы мен iс жүргiзу талаптарына сай келуге тиiс.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.19. № 265; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
24-бап. Республика Президентiнiң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, сондай-ақ олардың күшiн жою тәртiбi
1) Республика Президентiнiң жарлықтарына Президент жарлықтарымен енгiзiледi;
2) Республика Президентiнiң өкiмдерiне Республика Президентiнiң өкiмдерiмен енгiзiледi.
25-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн күшiне енгiзу мен жариялау тәртiбi
Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.19. № 265; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
IV тарау
Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен
бұрын босату, кетiру
26-бап. Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.19. № 265 Конституциялық заңымен.
27-бап. Қазақстан Республикасының Президентi өкiлеттiгiнiң ауысуы
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.05.06. № 378 Конституциялық заңымен.
V тарау
Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн
қамтамасыз ету
28-бап. Республика Президентiнiң қызметiн мемлекеттiк қамтамасыз ету
Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
29-бап. Республика Президентiнiң жалақысы және еңбек демалысы
30-бап. Республика Президентiн қамтамасыз ету
5-1. Республика Президентi қызметiнiң бүкiл кезеңiне Республика Президентiнiң жеке кiтапханасы мен жеке мұрағаты құрылады және қалыптастырылады.
Ескерту. 30-бап 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР 06.05.1999 № 378 Конституциялық заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
31-бап. Республика Президентiн күзету
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
32-бап. Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгi
Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгi мемлекеттiк орган болып табылады, оған мыналар жүктеледi:
1) Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету;
2) Республика Президентiн елдегi iстiң жайы туралы уақтылы әрi толық хабардар етiп отыру;
3) Республика Президентiнiң шешiмдерiн сөзсiз және тыңғылықты орындау және олардың орындалуын бақылау;
4) Мемлекет Басшысы белгiлейтiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар
1) консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамын айқындайды, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдарды құрады;
2) консультативтік-кеңесші органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдардың басшы лауазымды адамдарын тағайындайды;
3) консультативтік-кеңесші органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдар туралы ережелерді бекітеді;
4) консультативтік-кеңесші органдардың басшы лауазымды адамдарының осы органдар жұмысы туралы есептерін тыңдайды.
Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.12.2017 № 119-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
VI тарау
Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенттерi
34-бап. Республиканың экс-Президенттерінің мәртебесi
Ескерту. 34-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
35-бап. Республиканың экс-Президенттерiн қамтамасыз ету
1) Республика Президентiнiң шешiмiмен Республика Президентi лауазымдық жалақысының сексен процентi мөлшерiнде зейнетақы тағайындалады. Бұл ретте Республика экс-Президентiнiң осы Конституциялық заңның шарттарымен белгiленген зейнетақысы Республика Президентiнiң лауазымдық жалақысының өсуi ескерiлiп, арттырылып отырады;
2) қажеттi қызмет көрсетiлетiн пәтер мен мемлекеттiк саяжай, жеке күзет, жүргiзушiсiмен дербес автомобиль берiлiп, ел iшiнде тегiн жүрiп-тұру, тегiн медициналық, санаторий-курорттық емдеу қызметi көрсетiледi;
3) алып тасталды - ҚР 06.05.1999 № 378 Конституциялық заңымен.
2-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке мұрағаты мен жеке кітапханасының материалдары Республика Президенті ретіндегі қызметтік жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экс-Президентінің меншігінде болады.
Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.05.1999 № 378 Конституциялық заңымен.
36-бап. Республика экс-Президенттерi құқықтарының кепiлдiктерi
Республиканың экс-Президентi, мемлекетке опасыздық жасаған жағдайларды қоспағанда, өзiнiң Республика Президентi өкiлеттiгiн атқаруымен байланысты iс-әрекетi үшiн жауап бермейдi.
VII тарау
Қорытынды ережелер
37-бап. Өзге заң актiлерiнiң Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi қолданылуы
Республика Президентiне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасының нормалары қолданылмайды.
Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 225-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
38-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне ену тәртiбi
Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.05.1999 № 378 Конституциялық заңымен.
|
Қазақстан Республикасының
Президентi |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК