Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір ұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27‑бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Республикалық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 402 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілеріді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9809 болып тіркелді);

2) «Республикалық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 402 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы (Қаржы министрлінің 2014 жылғы 15 наурыздагы № 361 Нормативтік құқықтық актілеріді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16670 болып тіркелді).

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі Департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

                                            

М.Такиев

 

Дата публикации
13 декабря 2024