Мемлекеттік қызметтір бойынша аналитикалық анықтама

ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде:

1) «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»;

2) «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру».

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша электрондық түрде
382 597 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ең көп «Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар) мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсетілді – 352 103.

Комитеттің есептік кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету кезеңінің (уақытының) бұзылуы болған жоқ.

Комитетке қызмет көрсеткеніне заңды және жеке тұлғалардан шағым түскен жоқ.

Дата публикации
11 декабря 2024