"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.04.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) "Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 632-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 124 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 18, 142-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 14-тармағы.
|
Қазақстан Республикасының |
|
||
|
Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.04.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-1. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) − өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган;
2) құқық белгілейтін құжаттар – солардың негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туындайтын, өзгеретін және (немесе) тоқтатылатын құжаттар;
3) объектіні пайдалануға қабылдау актісі – бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес объект құрылысының аяқталғанын және объектінің пайдалануға толық дайындығын растайтын құжат;
4) сәйкестік туралы декларация – мердігер (бас мердігер) құрылысы аяқталған объектінің орындалған жұмыстарының бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.
Осы Қағидада пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.04.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Cыйға тарту шарты бойынша мемлекетке берілетін мүліктің меншік иелері жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар болып табылады.
2-тарау. Сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.04.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Аумақтық бөлімше мүліктің меншік иесінің өтініші түскен кезде үш жұмыс күні ішінде аталған өтінішті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.11.2017 № 768 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1) мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудың экономикалық орындылығы;
2) мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейінгі мақсаты мен пайдаланылуы;
3) берілетін мүліктің қаржылық қамтамасыз етілуі болып табылады.
Мемлекеттік органның қорытындысында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүлік тиістілігінің белгіленген нормативтері мен лимиттерін ескере отырып, көрсетілген мүлікті бекітіп беру көзделетін мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – мемлекеттік заңды тұлға), сондай-ақ қабылданатын мүлікті ұстау және пайдалану бойынша қаржы шығындары көрсетілуі тиіс.
Құқығы сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке берілетін мүліктің меншік иесінің аталған мүлікті беру үшін нақты мемлекеттік заңды тұлғаны айқындауы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органдардың орындауы үшін міндетті болып табылмайды.
Орынды болған жағдайда, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда, мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың республикалық меншікке берілетін мүлкі бойынша сыйға тарту шартын жасасу туралы шешімді мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.
Мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғаларға тиесілі, республикалық меншікке берілетін акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сыйға тарту шарты бойынша алу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Коммуналдық меншікке берілетін мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкі бойынша сыйға тарту шартын жасасу туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.
Сыйға тарту шарты бойынша мүлікті болашақта мемлекеттік меншікке қабылдау туралы шешім осы Қағиданың 3-тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қабылданады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 120 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.04.2017 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Егер айналыста:
1) "Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 501 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16900 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан мен мазмұн бойынша мүлікті бағалау туралы есеп (бұдан әрі – бағалау туралы есеп);
2) "Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15150 болып тіркелген) бұйрығына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестік туралы декларация;
3) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
4) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмелері;
5) объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмелері;
6) меншік иесінің мүлікті жергілікті атқарушы органға беру туралы сметамен айқындалған құн көрсетілетін шешімі;
7) инженерлік желілердің атқарушы геодезиялық түсірілімінің көшірмелері болса, мүлікті бағалау жүргізілмейді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.04.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Сыйға тарту шарты сыйға тарту шарты тараптарының әрқайсысы үшін бірдей заң күші бар екі данадан қазақ және орыс тілдерінде төрт данада жасалады.
Заңнамалық актілерде көрсетiлген жағдайлардан басқа жылжымалы мүлiкке құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бюджетке салықтық емес түсімдер болып табылатын көрсетілген ақшалай қаражатты тиісті бюджетке аударуды меншік иесі осы Қағиданың 7-тармағында көзделген шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік жиырма күн ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтарына жүргізеді. Меншік иесінің болашақта мүлік құқығын мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шарты бойынша ақшалай қаражатты аудару сыйға тарту шартында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.05.2016 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.04.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
3-тарау. Мүлікке құқықтарды болашақта сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке беру тәртібінің ерекшеліктері
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.04.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Меншік иесінің акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне құқығын болашақта республикалық меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шарты бойынша алу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Меншік иесінің мүлік құқығын болашақта коммуналдық меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шартын жасасу туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 120 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.11.2017 № 768 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Меншік иесінің мүлік құқығын болашақта мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шартында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не оның аумақтық бөлімшесінің немесе жергілікті атқарушы органның сыйлық мемлекетке берілгенге дейін кез келген уақытта одан бас тарту құқығы көрсетіледі.
Егер мемлекеттік орган мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі туралы бұрын ұсынылған қорытындыны растамаған жағдайда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі немесе жергілікті атқарушы орган сыйдан бас тартады және бас тартуды жазбаша нысанда ресімдейді. Егер сыйға тарту шарты тіркелген болса, сыйдан бас тарту да мемлекеттік тіркелуге жатады.
Егер меншік иесінің мүлік құқығын болашақта республикалық меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жасалса, мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттілігі туралы бұрын ұсынылған қорытындыны растамаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімінің күші жойылды деп тану бойынша шаралар қабылдайды.
Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 120 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК