«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіМемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдарытуралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлікжәне жекешелендіру комитеті Төрағасының міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына өзгерісенгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіМемлекеттік мүлік

және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдарытуралы

ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлікжәне жекешелендіру комитеті Төрағасының міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына өзгерісенгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің 19-тармағы 4) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініңМемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіТөрағасының міндетін атқарушының 2018 жылғы27 қыркүйектегі № 934бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік мекемесі туралы Ереже» 15-қосымшада:

8-тармақ келесіредакцияда жазылсын:

«Департаменттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, А. Жұбанов көшесі, 16»

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментініңбасшысы:

1) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдауды;

2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Кадр жұмысыбасқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға                                                                                             Б. Тәшенов

 

 

Дата публикации
09 октября 2020