Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Алматы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 (жүз) пайыз мөлшерiндегi мемлекеттік қатысу үлесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншiгіне берілсін.
  2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

               Премьер-Министрі                                                                        А. Мамин

 

 

Қазақстан Республикасы

           Үкіметінің

       2020 жылғы «    »                 

№       қаулысына қосымша

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

 

  1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi               292-59-жолмен толықтырылсын:

«292-59  «Алматы теміржол ауруханасы» ЖШС.

 акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Алматы қаласы» деген бөлімде:

реттік нөмірі 123-150 жол алып тасталсын.

  1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне» деген бөлімде:

реттік нөмірі 266-13-жол алып тасталсын.

  1. «Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):

көрсетілген қаулымен бектітілген жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірі 6.6.-жол алып тасталсын,

Бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:

«Алматы қаласының әкімдігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 408-2.43.-жолмен толықтырылсын:

  «408-2.43. «Алматы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

 

 

 

«Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

«Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Алматы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) жүз пайыздық қатысу үлесін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беруді көздейді.

Жобаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірлеген.

Жоба:

1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 9)-тармақшасына оған сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды тұжырымдайды және жүзеге асырады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;

2) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңының                75-бабының 12-тармағына сәйкес мемлекеттік мүлікті оның бір түрінен екіншісіне немесе жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шартта өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тоқтатпайды.

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасының 2-тармағының 1)-тармақшасына.

4) Серіктестіктің жүз пайыздық қатысу үлесін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Алматы қаласы әкімінің 2020 жылғы               31 наурыздағы № 1-40.520-и қолдаухатына сәйкес әзірленді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны іске асыру Алматы қаласының әкімдігінің тарапынан, тек сенімгерлік басқару шарты бойынша тараптардың міндеттемелерінің орындалуын үйлестіруге жол беру ғана емес және де коронавирус пандемиясына қатысты мәселелерге уақытылы ден қою бөлігінде Серіктестік пен сенімгерлік басқарушының өзара әрекеттесуіне жол береді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.  

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Үкіметтің бұрын қабылданған актілері:

1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысы;                     

2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы                 27 мамырдағы № 659 қаулысы;

3) «Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы             № 1141 қаулысы.

Жоба қабылданған жағдайда, оны заңнамаға сәйкес келтіру талап етілмейді.

Жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру рұқсат етіледі.  

Жоба 2020 жылғы 2 қыркүйек www.beta.egov.kz мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының біріңғай платформасында, сондай-ақ 2020 жылғы               2 қыркүйекте http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде 136 КБ, есеп қоса беріледі).

Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі талап етілмейді

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі                                                                  Е. Жамаубаев

 

«Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына салыстырмалы кесте

 

Р/с

№

Құрылымдық

бөліктері

Қолданыстағы

редакция

Ұсынылып отырған   редакция

Негіздеме.

Тапсырмаларға сілтемелерден басқа:

1) түзетудің мәнін;
2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесін көрсету қажет.

«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысы

Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі

1.

«Алматы қаласы» деген бөлім

реттік нөмірі 292-59 «Алматы теміржол ауруханасы» ЖШС жол

Жоқ

 «292-59  «Алматы теміржол ауруханасы»

«Алматы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүз пайыздық қатысу үлесін республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Алматы қаласы әкімінің 2020 жылғы 26 тамыздағы                      № 1-40.6999 қолдаухатына сәйкес

Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар
мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі

2.

«Алматы қаласы» деген бөлім реттік нөмірі 123-150- жол

123-150. «Алматы теміржол ауруханасы» ЖШС

 

алып тасталсын

«Алматы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүз пайыздық қатысу үлесін республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Алматы қаласы әкімінің 2020 жылғы 26 тамыздағы                      № 1-40.6999 қолдаухатына сәйкес

«Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі

3.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне» деген бөлім реттік нөмірі 266-13-жол

266-13. «Алматы теміржол ауруханасы» ЖШС

алып тасталсын

«Алматы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүз пайыздық қатысу үлесін республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Алматы қаласы әкімінің 2020 жылғы 26 тамыздағы                      № 1-40.6999 қолдаухатына сәйкес

«Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы»                                                                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысы

Жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесі

4.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі деген бөлім:

реттік нөмірі 6.6.-жол

6.6. «Алматы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

алып тасталсын

«Алматы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүз пайыздық қатысу үлесін республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Алматы қаласы әкімінің 2020 жылғы 26 тамыздағы                      № 1-40.6999 қолдаухатына сәйкес

Бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі

5.

«Алматы қаласының әкімдігі» деген бөлім реттiк нөмiрi 408-2.43.-жол «Алматы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

жоқ

«408-2.43. Алматы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Алматы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүз пайыздық қатысу үлесін республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Алматы қаласы әкімінің 2020 жылғы 26 тамыздағы                      № 1-40.6999 қолдаухатына сәйкес

           

 

 

Қазақстан Республикасының

Бірінші қаржы вице-министрі                                                                                                                                        Б. Шолпанқұлов

 

 

Дата публикации
30 сентября 2020