«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулыға 1 және 2 - қосымшалар осы қаулыға 1 және
2 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
|
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы |
|
Р/с |
Мүліктің атауы |
|
1 |
2 |
|
1 |
Жер учаскелерін және көпжылдық екпелерді қоспағанда, тұрғын емес жылжымайтын мүлік |
|
2 |
Аяқталмаған құрылыс объектілері |
|
3 |
Көлік |
|
4 |
Өнеркәсіп тауарлары |
|
5 |
Мұнай және оның өңделген өнімдері |
|
6 |
Бағалы қағаздар, жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері |
|
7 |
Техникалық құрылғылар |
|
8 |
Бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар |
|
9 |
Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары |
|
10 |
Осы қосымшада және 2-қосымшада көрсетілмеген өзге де мүлік |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « » ________
№ ____ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы «4» маусымдағы
№ 404 қаулысына
2-қосымша
|
Р/с № |
Мүліктің атауы |
|
1 |
2 |
|
1 |
Тұрғын жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және көпжылдық екпелер |
|
2 |
Жануарлар, жануарлардан алынатын шикізат |
|
3 |
Жемшөп |
|
4 |
Азық-түлік тауарлары |
|
5 |
Астық |
|
6 |
Ағаш материалдары |
|
7 |
Дәрілік заттар |
|
8 |
Минералды шикізат, пайдалы қазбалар |
|
9 |
Агрохимикаттар, пестицидтер |
|
10 |
Этил спирті және алкоголь өнімі |
|
11 |
Темекі және темекі бұйымдары |
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Ұ. Маминге
«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) мүлікке қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын олардың түрлерін тұрғын үй жылжымайтын мүлікпен толықтыруды, этил спиртін, алкоголь өнімін, темекіні және темекі бұйымдарын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан (бұдан әрі – уәкілетті орган) ЖАО-ға қайта бөлуді, мүліктің жекелеген түрлерін нақтылауды, уәкілетті органның мүлік түрлерін қара және түсті металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен және өзге де мүлікпен толықтыруды көздейді.
Жобаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірледі.
Жоба нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің қорытындылары бойынша әзірленді.
Жобаны қабылдау уәкілетті орган немесе ЖАО оған қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын мүлік түрлерін оңтайлы бөлуді белгілеуге, этил спиртін, алкоголь өнімін, темекіні және темекі бұйымдарын мемлекет кірісіне айналдыру бөлігінде жекелеген сот актілерінің жедел орындалуын қамтамасыз етуге, осы мүлікті облыстың жекелеген елді мекендерінен облыс орталықтарына тасымалдауға арналған мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайтуға, сондай-ай мүліктің қандай да бір түрлерін белгілемеу мүмкіндігін болдырмауға мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты уәкілетті орган немесе ЖАО оған қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын мүліктің түрлерін толықтыру, түзету болып табылады.
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаражат талап етпейді.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері:
«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысы.
Жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру талап етілмейді.
Жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі.
Жоба 2020 жылғы «___» ______ Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің http://www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында, 2020 жылғы «___» ______ http://www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде ______ КБ, есеп қоса беріледі).
Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Е. Жамаубаев
«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
Р/с№ |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылып отырған редакция |
Негіздеме. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
1 |
1-қосымша |
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері
|
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысының 2-тармағына сәйкес жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдары, коммуналдық меншікке – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары белгіленді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 218-бабына жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған тұрғын үйлерді мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына жатқызуды болдырмау бөлігінде өзгеріс енгізілді. Сонымен бірге «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
2 |
2-қосымша |
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері
|
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қазақстан Республикасының
Қаржы бірінші вице-министрі Б. Шолпанқұлов