Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы

 "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1133 қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов
Дата публикации
27 августа 2024