БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кәсіпорында құрылатын Комиссияның құрамына міндетті түрде:
1) мемлекеттік кәсіпорынның бас инженері немесе басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы);
2) бас бухгалтер немесе оның орынбасары;
3) мүліктің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлға енгізіледі.
Мемлекеттік мекемелерде құрылатын Комиссияның құрамына міндетті түрде:
1) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысы не ол уәкілеттік берілген лауазымды адам (Комиссияның төрағасы);
2) бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штат кестесі бойынша бас бухгалтер лауазымы болмаған кезде - бухгалтерлік есеп жүргізу жүктелген тұлға);
3) мүліктің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлға енгізіледі.
Мемлекеттік заңды тұлға басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның шешіміне сәйкес мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу кезінде Комиссия құрамына тиісті мамандар (сарапшылар), жол полициясының өкілі (автокөлік құралдарын есептен шығарғанда) енгізіледі.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |