Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 196-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
10-тармақтың 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық және аудандық уәкілетті органдар, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі жөніндегі уәкілетті орган мониторинг объектілерін зерттеу, ақпарат жинау және талдау, ұсыныстарды пысықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуелсіз сарапшыларды тартады.»;
14-1 мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекет қатысатын заңды тұлғалар бойынша олардың жүз пайыз қамтылуын қамтамасыз ете отырып, мониторинг жүргiзедi.»;
мынадай мазмұндағы 14-2-тармақпен толықтырылсын:
«14-2. Облыстық және аудандық уәкілетті органдар, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі жөніндегі уәкілетті орган мониторингті ұйымдастыру мақсатында тексеріп-қарауды жүргізу кезеңділігін, мерзімдерін және мониторинг объектілерінің тізбесін мынадай өлшемшарттар негізінде айқындайды:
1) пайда алуды жоспарлаған, бірақ есепті жылдың қорытындысы бойынша шығынға ұшыраған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар;
2) есепті жылдың қорытындысы бойынша шығыны жоспарланған шығыннан асып кеткен мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар.»;
мынадай мазмұндағы 19-2 тармақпен толықтырылсын:
«19-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары облыстық және аудандық уәкілетті орган, жергілікті мемлекеттік басқарудың коммуналдық меншік жөніндегі уәкілетті органы қалыптастырған мониторинг объектілерінің мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымдарды қабылдауды қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 24-2-тармақпен толықтырылсын:
«24-2. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган мониторинг объектілерінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымдарды қабылдауын және орындауын қамтамасыз етеді.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов