|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің
Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс
басқармасы туралы ереже
Жүктелген міндетке сәйкес Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, дербес білім беру ұйымдарының құрылтайшысы ретінде барлық қажетті рәсімдерді жүргізу;
2) мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік емес заңды тұлғалар етіп қайта құру бойынша құрылтай және өзге де құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету, жаңаларын құру немесе мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғаларды, дербес білім беру ұйымдарын тарату;
3) мемлекеттік мүлікті мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың жарғылық капиталдарын төлеуге беру, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарына мемлекеттің нысаналы салымы ретінде беру жөніндегі жұмысты жүргізу;
4) мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің мүлкіне ауыстыру жөніндегі жұмысты жүргізу;
5) мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, дербес білім беру ұйымдарының құрылтай құжаттарына талдау жүргізу;
6) мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың акциялар пакетін және оларға қатысу үлестерін, сондай-ақ өзге де мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне қабылдау, сыйға тарту жолымен алынған мүлікті мемлекет меншігіне қабылдау.
Жүктелген міндетке сәйкес Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, дербес білім беру ұйымдарының органдарына Комитет, Министрлік пен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық меншіктегі мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакетін (қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқықтырын өзге де мемлекеттік органдарға беруді ресімдеу;
3) мемлекеттік органдардың мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакетін (қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруы мәселелері бойынша олармен өзара іс-қимыл жасау;
4) мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакетіне (қатысу үлесіне) дивидендтердің (таза табыстың бөліктерін) уақтылы және толық есептелуіне және олардың аударылуына бақылау жүргізу;
5) мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалар, дербес білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері органдарының құжаттарын жинақтау және қарастыру, мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты мәселелерді қарастыру;
6) мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалар, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар директорлар кеңестерінің, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары қамқоршылық кеңестерінің материалдары бойынша қорытындылар дайындау;
7) мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғаларды, дербес білім беру ұйымдарын корпоративтік басқарумен және олардың қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты өзге де мәселелерді қарау.
Жүктелген міндетке сәйкес Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Басқарманың құзыреті шегінде республикалық меншіктегі объектілерді сату алдындағы дайындықты жүргізуге, сатуға дайындауға, сондай-ақ мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасы мен шет елдердің қор биржаларына орналастыруға дайындауға қатысу;
2) Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Комитеттің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орындаған жұмысы туралы есептерді дайындауға қатысу;
3) депутаттық сауалдарды, Басқарманың негізгі қызметінің мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау;
4) мемлекеттік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, олардың еншілес және аффилиирленген тұлғаларының, дербес білім беру ұйымдарының жұмыс практикасын қорыту;
6) мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалар, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, дербес білім беру ұйымдары органдарының жұмыс практикасын қорыту және жұмысты жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
7) мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғаларда, дербес білім беру ұйымдарында корпоративтік басқаруды жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
8) Басқарманың құзыреті шегінде мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың, басқарушы холдингтер мен ұлттық компаниялардың еншілес ұйымдарының бағалы қағаздарын сатуға және Қазақстан Республикасы мен шет елдердің қор биржаларына орналастыруға дайындауға қатысу;
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметіне Комитеттің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орындаған жұмысы туралы есепке енгізу үшін Басқарманың орындаған жұмысы туралы ақпарат ұсыну;
10) Басқарманың негізгі қызметінің мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау;
11) Басқарманың құзыреті шегінде республикалық мүлік мәселелері бойынша Комитеттің мүдделерін білдіруді жүзеге асыру және мүліктік құқықтарды қорғау;
12) Министрлік, Комитет өкілдерінің алқалы және консультативтік-кеңесші органдарға қатысуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
13) Министрлік пен Комитеттің қызметімен байланысты өзге де мәселелер.
1) мемлекеттік органдардың республикалық мемлекеттік меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакетін және қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтырын іске асыруына бақылауды жүзеге асыруға;
2) мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғаларды, дербес білім беру ұйымдарын құру, қайта құру, сондай-ақ тарату мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, дербес білім беру ұйымдарының органдарына қатысуға және (немесе) Комитет, Министрлік пен өзге де мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге;
5) мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғаларда, дербес білім беру ұйымдарында корпоративтік басқаруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер өткізуге;
7) мемлекеттің меншік үлесі бар объектілерді басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
8) республикалық мүлікті жекешелендіру және республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуға;
9) республикалық мүлікті пайдалану тиімділігін тексеру жөнінде ұсыныстар енгізу;
10) тәуелсіз консультанттардың есептерін, анықтамалық-ақпараттық деректерді, қолда бар дерекқордың электрондық деректерін қоса алғанда, Басқарманың функцияларын орындауға қажетті құжаттарды Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен алуға;
11) тәуелсіз консультанттардың есептерін, анықтамалық-ақпараттық деректерді, қолда бар дерекқордың электрондық деректерін қоса алғанда, Басқарманың функцияларын орындауға қажетті құжаттарды мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан сұрату және алуға;
12) алқалы және консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысуға және Комитет пен (немесе) Министрлік өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етуге;
13) Комитет пен Министрлік басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де міндеттер.
1) Басқарма қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттері мен Комитет басшылығының тапсырмаларын тиісті түрде орындауына бақылауды жүзеге асырады;
2) өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.