|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің
Заң басқармасы туралы ереже
Жүктелген міндеттерге сәйкес Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Комитеттің құқықтық актілеріне талдау жүргізу және келісу;
2) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтай құжаттарына талдау жүргізу;
3) белгіленген тәртіппен соттарда Комитеттің мүдделерін білдіру және оның мүліктік құқықтарын қорғау;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтарының және комиссиялардың отырыстарына қатысу;
5) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту.
Жүктелген міндеттерге сәйкес Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Комитеттің қызметін реттейтін заңнаманы талдау және талдаудың нәтижелері бойынша Комитеттің Төрағасына заңнаманы жетілдіру мен анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу.
Жүктелген міндеттерге сәйкес Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру бойынша жыл сайынғы іс шаралар әзірлеу және бекіту;
2) Комитетте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;
3) заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің атынан құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер дайындау.
Жүктелген міндеттерге сәйкес Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
республикалық меншікті иелену, пайдалану және билік ету, сондай ақ экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу, республикалық меншік объектілерін басқаруды бақылау мен талдау жүргізу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және өзге де құқықтық сипаттағы құжаттарға сараптама жүргізу және олар бойынша қорытынды дайындау.
1) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды, анықтамаларды, есептеулерді және басқа да материалдарды Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен (Комитеттің аумақтық органдарын қоса алғанда) сұрату және алу;
2) Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарларының келісімімен Басқармаға жүктелген міндеттерді және функцияларды жүзеге асыру үшін Комитеттің басқа құрылымдық бөлімішелерінің қызметкерлерін тарту;
3) нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың жобалары (оның ішінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда оларға қол қоюдан бас тарту;
4) Комитеттегі құқықтық жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша Комитеттің басшылығына ұсыныстар енгізу.
1) Басқарма қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттері мен Комитет басшылығының тапсырмаларын тиісті түрде орындауына бақылауды жүзеге асырады;
2) өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.