2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
  2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиевке 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

О. Бектенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы ___________

№ ___ қаулысымен

мақұлданған

 

Жоба

 

2006 жылғы 4 шiлдеде Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

Хаттама

 

 

         Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті,

екі мемлекет арасындағы мүліктік мәселелерді реттеу мақсатында,

2006 жылғы 4 шiлдеде Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі-«Келісім») және 2009 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) Тараптары бола отырып,

Келісімнің 1-бабында көрсетілген курорттық-рекреациялық объектілерді кемінде 3 және 4 жұлдызды қонақүйлер деңгейіне дейін жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында,

төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

 

Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  • 1-бапта:

а) 1-баптың 2-тармақшасында:

         - үшінші абзацтағы «кент» деген сөз «ауыл» деген сөзбен ауыстырылсын;

- төртінші абзацтағы «Шолпан-Ата қаласы» деген сөздер «Бостери ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын;

- бесінші абзацтағы «кент» деген сөз «ауыл» деген сөзбен ауыстырылсын;

б) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстандық тарап осы Келісімнің 1-бабы 1-тармағының
2-тармақшасында көрсетілген объектілерге меншік құқығын ресімдегеннен кейін (бұдан әрі – бірге «Объектілер», ал жеке «Объект») мынадай шараларды қабылдайды:

1) 2024 жылғы 31 желтоқсаннан бастап бес (5) жыл мерзім ішінде мүмкіндігінше объектілерді жыл бойы жұмыс істей отырып, Қырғыз Республикасының заңнамасында айқындалатын стандарттарға сәйкес жұлдыздық деңгейге дейін жеткізу жөніндегі Қырғыз Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып:

- «Қазақстан» санаторийі (Бостери ауылы) - кемінде 4 жұлдызды қонақ үй;

- «Университет» спорттық-сауықтыру лагері (Бостери ауылы) - кемінде 3 жұлдызды қонақ үй;

- «Самал» демалыс үйі (Бостери ауылы) - кемінде 3 жұлдызды қонақ үй;

- «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының спорттық-сауықтыру базасы (бұрынғы «Қазақстанның Автомобилисті» демалыс үйі (Корумды ауылы) – спортшыларға арналған спорттық-сауықтыру орталығы (жұлдыздылыққа байланыстырмай);

2) объектілерді салу және пайдалану кезінде Қырғыз Республикасының азаматтары арасынан жұмыс күшінің кемінде 90 пайызы жұмылдырылсын.»;

         в) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

         «3. Осы Келісімнің 1-бабының 2-тармағында көзделген міндеттемелерді іске асыру мақсатында қазақстандық тарап объектіге/объектілерге, оның ішінде Болашақ жаңа күрделі құрылыс объектілеріне қазақстандық тараптың меншік құқығын сақтай отырып, объектіге/объектілерге инвестор/инвесторлар тартуға құқылы.»;

         2) 3-бап мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

  «Екінші Тарап міндеттемелерді сақтамаған жағдайда осы Келісімнің күшін Тараптардың бірі бұзуы мүмкін.

Келісім міндеттемелері сақталмаған жағдайда Тараптардың бірі екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жіберу арқылы Келісімнің қолданылуын тоқтату туралы өз ниетін білдіре алады. Мұндай жағдайда Келісім осындай хабарламаны алған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң өзінің қолданысын тоқтатады.

Осы Келісімнің қолданылуы:

- осы Келісімнің 1-бабы 2-тармағының 1-тармақшасында көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, барлық объектілерге қатысты толығымен;

- осы Келісімнің 1-бабы 2-тармағының 1-тармақшасында көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, ішінара жеке объектіге немесе бірнеше объектілерге қатысты тоқтатылады.

Осы Келісімнің қолданылуы толығымен объектілерге қатысты немесе ішінара жекелеген объектіге немесе бірнеше объектілерге қатысты тоқтатылған кезде объектілер немесе жекелеген Объект өтеусіз қырғыз тарапының меншігіне өтеді.».

2-бап

 

Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

 

202__ «__» __________ _____________ қаласында, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде және барлық мәтіндердің күші бірдей екі данада жасалды. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

 

Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті үшін

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 июля 2024