2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шарттқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шарттқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
  2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиевке 2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шарттқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

О. Бектенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы ___________

№ ___ қаулысымен

мақұлданған

 

Жоба

 

2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы

Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданында жер учаскелерін жалға беру туралы шартқа

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Хаттама

 

 

         Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті,

екі мемлекет арасындағы мүліктік мәселелерді реттеу мақсатында,

2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі – «Келісім») және 2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шарттың (бұдан әрі – «Шарт») Тараптары бола отырып,

Келісімнің 1-бабында көрсетілген курорттық-рекреациялық объектілерді кемінде 3 және 4 жұлдызды қонақүйлер деңгейіне дейін жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында,

төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

 

Шартқа мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-баптың 2-тармағындағы «объектілер» деген сөзден кейін, ал жеке-жеке «Объект» деген сөздермен толықтырылсын.»;

         2) 3-бапта:

         а) 3-тармақшада:

         «Ыстықкөл облысы» деген сөздерден кейін «Қырғыз Республикасы» деген сөздермен толықтырылсын;

«Астана қаласында» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі – Келісім)» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Келісімнің 1-бабының 2-тарма5ында көзделген міндеттемелерді іске асыру мақсатында, қазақстандық тарап объектіге/объектілерге, оның ішінде болашақ жаңа күрделі құрылыс объектілеріне қазақстандық тараптың меншік құқығын сақтай отырып, объектіге/объектілерге инвестор/инвесторлар тартуға құқылы.»;

         б) 13-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

         «13) жер учаскесіне жедел (уақытша) пайдалану құқығын иеліктен айыруды, жер учаскелерін кепілге, қосалқы мердігерлікке беруді жүргізбеуге, сондай-ақ Қырғыз Республикасының заңнамасында көзделген, иеліктен айыруға тура немесе жанама бағытталған өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға;»;

3) 9-баптағы 1-тармақтағы «және осы Шарттың 10-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін» деген сөздер алып тасталсын;

4) 10-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Осы Шарттың 1-бабында белгіленген жер учаскелерін уақытша пайдалану мерзімі өткенге дейін осы Шарттың қолданылуы тоқтатылады:

- барлық объектілерге қатысты, Келісімнің қолданылуы толық тоқтатылған жағдайда объектілерге қатысты;

- егер келісімнің осы объектіге немесе осы объектілерге қатысты қолданылуы келісімнің талаптарына сәйкес тоқтатылса, ішінара жеке объектіге немесе бірнеше объектілерге қатысты. Мұндай жағдайда осы Шарттың ережелері Келісімнің қолданысы тоқтатылмаған объектіге немесе объектілерге қолданысын жалғастырады.».

 

2-бап

 

Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

 

202__ «__» __________ _____________ қаласында, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде және барлық мәтіндердің күші бірдей екі данада жасалды. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

 

Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті үшін

 

 

 

Дата публикации
12 июля 2024