«Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 1061 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 1061 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидалары (бұдан әрі-Қағида) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2024 жылғы 30 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын Қағидалардың үшінші, алтыншы, он сегізінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма жетінші, жиырма сегізінші және сексен жетінші тармақтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
28 июня 2024