Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларында:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) қатысушының ақша балансы (бұдан әрі - электрондық әмиян) – бірыңғай оператордың екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотына енгізген ақшаны көрсету үшін тізілімдегі қатысушының жеке шоты»;
13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) кепілдік жарна - сауда-саттыққа қатысу үшін жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақша сомасы;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) тізілімнің веб-порталы – e.gazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) сату объектілері жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;»;
3-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «жекешелендіруге жататын мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына онда сақталатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары енгізілмейді»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару түрлері айқындалады:
1) жабық тендер, конкурс нысанында сауда – саттықта екі кезеңдік рәсімдер арқылы және стратегиялық инвесторға тікелей атаулы сату арқылы-тиісті саланың уәкілетті органының негізделген ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша сату;
2) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздарды тиісті саланың уәкілетті органының (республикалық меншік бойынша) немесе тиісті жергілікті атқарушы органның (коммуналдық меншік бойынша) негізделген ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша сату;
3) аукцион және тендер нысанында сауда – саттықта, қор биржасында сауда-саттықты-комиссия шешімінің негізінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (республикалық меншік бойынша) немесе тиісті жергілікті атқарушы органның (коммуналдық меншік бойынша) шешімі бойынша сату.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік мүлікті сатуға ұсынған кезде осы мемлекеттік заңды тұлғаны басқаратын мемлекеттік органның жазбаша келісімі қажет. Бұл ретте сатушыға жекешелендіру объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды, сондай-ақ ауыртпалықтар жоқ екендігін растайтын құжатты беру қажет.
Басқаруында акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесі түріндегі жекешелендіру объектісі бар мемлекеттік орган сатушыға оны сату тәсілі мен шарттары бойынша ұсыныс береді.
Қажет болған жағдайда сатушы жекешелендіру объектісінің техникалық және функционалдық сипаттамаларын айқындауға мүмкіндік беретін құжаттарды сұратады.
Жекешелендіру объектісі басқаруында тұрған мемлекеттік орган және мемлекеттік мүліктің баланс ұстаушысы жекешелендіру объектісінің сақталуына және жекешелендіру объектісі бойынша мәліметтердің дұрыстығына меншік құқығы сатып алушыға өткенге дейін жауапты болады.
Хабарлама жарияланғаннан кейін басқаруында жекешелендіру объектісі орналасқан мемлекеттік орган және / немесе баланс ұстаушы жекешелендіру объектісін сатып алғысы келетіндерге жекешелендіру объектісін қарауға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе кәсіпорынның жарғылық капиталына мемлекеттік қатысу үлесін мүліктік кешен ретінде сату кезінде мәліметтердің дұрыстығы үшін акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе кәсіпорынның басшылығы жауапты болады.»;
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Қағиданың 2-тармағының 7) және 9) тармақшаларында, 75 және 81-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, комиссия шешімінің негізінде әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық нысандарын және шарттарын айқындау;»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Аукционға, тендерге және жабық тендерге қатысуға кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың
(бұдан әрі – бірыңғай оператор) деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен енгізіледі.
Бірыңғай оператор сауда саттыққа қатысу шотқа түсетін кепілдік үшін арнайы транзиттік шотқа төленетін кепілдік жарналарды пайдаланбайды.
Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна сатушының деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен енгізіледі.
Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.».
22-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер кепілдік жарнаның сомасы сату бағасынан асып кеткен жағдайда, онда сатушы мен сатып алушы тізілімнің веб-порталында сатып алу-сату шартын жасасқан күні жеңімпаздың электрондық әмиянында айырма құлпы ашылады.»;
23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарна сомасына ақшалай қаражат аукционға, тендерге немесе жабық тендерге қатысушының электрондық әмиянында сауда-саттық күні құлпы ашылады, ал конкурсқа қатысушының кепілдік жарналарын екі кезеңдік рәсімдер арқылы сатушы өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Сауда-саттық өткізілетіндігі туралы хабарламаны сатушы олар өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялайды.
Хабарлама тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Сауда-саттықты өткізілетіндігі туралы хабарлама тізілімнің веб-порталында жарияланғаннан кейін сатушы өзінің интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілер алаңдарында тізілімнің веб-порталында жарияланған хабарламаға сілтемені көрсете отырып, сауда-саттықты өткізу туралы ақпараттық хабарламаны қосымша орналастырады.
Монополияға қарсы заңнаманың талаптары қолданылатын акцияларды, ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестерді, мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды сату туралы хабарламаны объект (сату кестесі) бойынша ақпарат тізілімге енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін жариялауға жол беріледі.»;
25-тармақтың екінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сатуға қатысты өзге де мәліметтер.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион, тендер, жабық тендер басталғанға дейін бес минут бұрын және екі кезеңде ететін рәсімдер арқылы конкурс басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.»;
33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Аукционға және тендерге қатысуға өтінімі тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің электрондық әмиянда болуы автоматты тексеру жүргізеді.
Қатысушының осы Қағиданың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады..
Электрондық әмиянда бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы кепілді жарна сомасына электрондық әмияндағы ақшалай қаражатты бұғаттауды, өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға, тендерге жіберуді жүзеге асырады. Электрондық әмиянда бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды.
Бірыңғай оператор:
1) сауда - саттықта жеңген қатысушының электрондық әмиянында бұғатталмаған кепілді жарнасын тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып сатушының бюджет сыныптамасының тиісті кодына аударады;
2) аукцион және тендер нысанында кейінгі сауда-саттықтарға қатысуға өтінім беру үшін электрондық әмиянда бұғатталмаған басқа қатысушылардың ақшалай қаражатын бірнеше рет пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
3) электрондық әмияннан тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттықтың басқа қатысушыларына кепілдік жарнаны қайтарады.»;
57-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жабық тендерге мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде комиссия айқындайтын қатысушылардың шектеулi тобы қатысады. Сатушы жабық тендерге қатысуға арналған шақыруды жабық тендердiң барлық шарттарымен жiбередi. Жабық тендерге қатысуға шақыру жiберiлген және қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғаларды тiркеу жазбаша шақыру жiберiлген күннен бастап тізілімнің веб-порталында жүргiзiледi және жабық тендердiң өткiзiлуiне бес минут қалғанда аяқталады.»;
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«86. Жекешелендіру объектісін сату сенімгерлік басқаруға немесе кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша өткізілген тендер нәтижелері бойынша айқындалатын және сатып алу жағдайында индекстеу шартымен сенімгерлік басқару немесе мүліктік жалдау (жалға алу) шартында көрсетілген баға бойынша сатып алу-сату шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып, сатып алу-сату шарты жасалған күнге дейін сенімгерлік басқарудың немесе мүліктік жалдаудың (жалға алудың) бүкіл кезеңі үшін кепілдік жарнаны шегергендегі жекешелендіру объектісінің бағасы индекстеуге жатады. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар осы Қағиданың 89-тармағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
90 және 91-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Аванстық немесе түпкілікті төлемнің мерзімі он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге өткен жағдай сатушының сатып алу-сату шарты бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін төленбеген төлем сомасынан 0,5 пайыз мөлшерінде өсімпұл алады.
Егер аванстық немесе түпкілікті төлемнің мерзімі он жұмыс күнінен асатын болса, сатып алу-сату шарты сатып алушыға кепілді жарнамен жабылмаған бөлігінде нақты шығындарды өтеу туралы талаптар қойыла отырып, біржақты тәртіппен бұзылады және тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қойылады. Бұл жағдайда жекешелендіру объектісі жойылған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайта қойылады.
Сатып алушының қабылдап алу-беру актісіне қол қоюы туралы мәліметтерді сатушы екі күн мерзімде тізілімнің веб-порталына енгізеді.
Қол қойылған қабылдап алу-беру актісі сатылған жекешелендіру объектісіне меншік иесінің өзгеруі туралы мемлекеттік тіркеуді жүргізу үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатқан кезде сатып алушы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы «Қазақстан Республикасы Заңының талабына сәйкес сатушыға өткізілген тіркеу туралы міндетті түрде хабарлай отырып, жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорынның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға тиіс.
Сатып алушы қабылдап алу-беру тапсыру актісіне белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда сатушы сатып алушыға кепілді жарнамен жабылмаған бөлігінде нақты шығындарды өтеу туралы талаптар қойыла отырып, біржақты тәртіппен сатып алу-сату шартын бұзады және тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды.
Бұл жағдайда жекешелендіру объектісі жойылған сауда-саттық шарттарымен қайтадан сауда-саттыққа қойылады.»;
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«93. Бөліп-бөліп төлеуге ықтимал бөліп-бөліп төлеу шарттары сауда-саттыққа қатысушылардың назарына алдын ала жеткізілген жағдайларда ғана жол беріледі. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшері сату бағасының он бес пайызынан кем болмауы тиіс, ал бөліп төлеу кезеңі үш жылдан аспайды.».
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|
О. Бектенов |
|
|
|