Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген):

2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ағымдағы баға – бағаның арттырылуына байланысты аукцион нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын мүлік бағасы немесе бағаның төмендетілуіне байланысты аукцион нысанындағы сауда-саттық барысында жарияланған баға;

2) алғашқы баға – тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде айқындалатын және комиссия белгілейтін мүлік бағасы;

3) аукцион – тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;

4) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;

5) аукцион нөмірі – қатысушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;

6) әлеуметтік қызметтердің субъектілері – мемлекеттік заңды тұлға нысанында тіркелген, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру, мектепке дейінгі және орта білім беру, уақытша болу ұйымдары, медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар);

7) бастапқы баға – мүлік бойынша сауда-саттық басталатын баға;

8) ең төменгі баға – мүлікті одан төменге сатуға болмайтын баға;

9) жеңiмпаз – мүлік үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған және аукцион қорытындылары туралы электрондық хаттамаға қол қойған аукционға қатысушы;

10) жергілікті атқарушы органдар - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

11) кепілдік жарна – сауда-саттыққа қатысу үшін мүліктің алғашқы бағасының 15 пайызы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;

12) комиссия – «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Есепке алу қағидалары) сәйкес құрылған комиссия;

13) комиссиялық тапсырма – мүлік және тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;

14) қатысушының  ақша балансы (бұдан әрі - электрондық әмиян) – бірыңғай оператордың екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотына енгізген ақшаны көрсету үшін тізілімдегі қатысушының жеке шоты;

15) сауда-саттыққа қатысушы – аукционға қатысу үшiн осы Қағидада белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

16) мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер;

17) Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен айқындалған заңды тұлға;

18) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес электрондық сандық қолтаңбалармен расталған тапсырысшылар мен жеткізушілер арасындағы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;

19) мүлік – жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік;

20) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген мүліктің түпкілікті бағасы;

21) сатушы – уәкілетті орган не болмаса жергілікті атқарушы органдар;

22) сатып алушы – өткізу процесінде мүлікті сатып алатын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

23) сауда-саттық – мүлікті сату тәсілі;

24) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – бастапқы бағасы жарияланған қадаммен арттырылатын аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;

25) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – бастапқы бағасы жарияланған қадаммен төмендетілетін аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;

26) сауда ұйымдары – мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде және сыйақы үшін бір немесе бірнеше мәміле жасау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен айқындалған тәртіппен тартылатын мүлікті дайындауды және сатуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе мемлекеттік емес заңды тұлға не болмаса олардың бірлестіктері;

27) тиісті саланың уәкілетті органы – «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын және республикалық мүлікке қатысты құқықтарға ие Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы;

28) тізілімнің веб-порталы – мүлікті есепке алу және сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) интернет - ресурсы;

29) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық бөлімшелері;

30) ұйымдастырушы – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен тартылатын, сауда-саттыққа мүлікті дайындауды және және сатуды ұйымдастыратын сатушы не болмаса заңды немесе жеке тұлға;

31) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

32) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.»;

6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және оны бекіту мүліктің атауын, қажетті санын, сондай-ақ мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып тізілімнің веб-порталында тіркелетін электрондық өтініш (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.

Өтінішке осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) қорытындысының электронды (сканерленген) көшірмесі қоса беріледі.

Қорытындыға тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) аппарат басшысы, ал мұндай лауазым болмаған кезде – тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адам қол қояды.     

Уәкілетті тұлға қорытындыға қол қойған кезде өтінішке қосымша өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық сканерленген көшірмесі қоса беріледі.

Қорытындыда осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген экономикалық орындылығы өлшемдері, сондай-ақ көрсетілген мүлікті бекіту болжанатын мемлекеттік заңды тұлға көрсетіледі.

  1. Мүлікті беру және оны мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне бекіту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті есепке қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында мемлекеттік заңды тұлғаларға беру үшін ұсынылатын мүлік туралы, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты туралы хабарламаны жариялайды. Хабарлама өтініштерді ашу күніне дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жарияланады;

2) хабарлама жарияланған күні тізілімнің веб-порталы орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың тізілімнің веб-порталынды тіркелген жеке кабинеттеріне хабарламаларды автоматты түрде жолдауды жүргізеді.

Мүлік түрлері бойынша таңдауды және осы тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген зағды тұлғалар тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте растауды ескере отырып, жарияланған хабарламалар туралы хабарламаларды тарату жүзеге асырады;

3) мемлекеттік заңды тұлғалар тізілімнің веб-порталында хабарламаны орналастыру күнінен бастап тізілімнің веб-порталында өтінішті тіркейді;

4) өтініштерді ашу хабарламада көрсетілген өтініштерді қабылдау күні және аяқталу уақыты біткеннен кейін автоматты түрде тізілімнің веб-порталы арқылы жүргізіледі;

5) өтініштерді және оған қоса берілетін құжаттарды осы Қағиданың
5-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігіне өтініштерді ашу күнінде комиссия қарайды.

Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысында осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген өлшемдер бойынша ақпарат көрсетілмеген кезде, комиссия өтінішті өлшемдерге сәйкес келмейді деп таниды;

6) комиссияның өтініштерді қарау нәтижелері бойынша комиссия хатшысы тізілімнің веб-порталында өтініштерді қарау нәтижелері туралы хаттаманы қалыптастырады және комиссия мүшелері дауыс беру рәсімінен кейін оған қол қояды. Комиссия мүшесінің дауыс беру мүмкіндігі болмаған кезде комиссия хатшысы осы хаттамаға тиісті белгіні қояды;

7) өтініштерді қарау нәтижелері туралы комиссия шешімі әрбір өтініш бойынша дауыс беру арқылы өтініштерді ашу күнінде қабылданады және өтініштер берген барлық мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық почтасына автоматты хабарлаумен комиссия хатшысы ЭЦҚ пайдалана отырып, хаттамаға қол қою уақытынан бастап тізілімнің веб-порталында жарияланады.

Мүлікті алуға ниет білдірген мемлекеттік заңды тұлғалардан бірнеше өтінім болған жағдайда осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген барлық өлшемдерге сәйкес келетін болса, бірінші өтініш берген мемлекеттік заңды тұлға басымдыққа ие болады.

Егер бірінші өтініш берген мемлекеттік заңды тұлғаның қажеттіліктері қанағаттандырылғаннан кейін артық мүлік қалса, онда ол өтініш беру мерзімдерін ескере отырып және осы Қағидаларның 5-тармағында белгіленген барлық өлшемшарттарға сәйкес келген кезде кейінгі өтініш берушілер арасында бөлінеді.

Өтініштерді қарау нәтижелері туралы хаттамада мүліктің атауын, оның саны мен бағалау құнын көрсете отырып, өтініш берген барлық мемлекеттік заңды тұлғалар бойынша шешімдер көрсетіледі;

8) комиссия оң шешім қабылдаған кезде, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган:

мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне (мемлекеттік меншіктің бір түрінің шегінде) бекіту туралы;

«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32641 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 85 қағида) белгіленген тәртіппен мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешімді қабылдайды.

№ 85 қағидаларда көзделген уәкілетті органның мекенжайына облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің немесе ол уәкілеттік берген адамның не оны алмастыратын адамның өтінішхаты немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына уәкілетті органның келісімі көрсетілген мерзімде ұсынылмаған кезде мүлік сауда-саттыққа шығарылады.

Беруші және қабылдаушы тараптар мүлікті қабылдап алу-беру актісіне уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қол қояды.

Қабылдаушы тарап қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімдерде қол қоймаған кезде, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізіліммен қалыптастырылатын мемлекеттік заңды тұлғаның теңгеріміне берудің және бекітудің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік сауда-саттыққа шығарылады;

9) мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мүлікті республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына беру туралы мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3 және 8-4-тармақтармен толықтырылсын:

«8-1. Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30 (отызыншы) күнінен кешіктірмей, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мен мемлекеттік заңды тұлғалар арасында мүлікті теңгерімге нақты алу мәніне салыстыру жүргізіледі.

8-2. Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде теңгеріміне есепті тоқсанда мүлік берілген мемлекеттік заңды тұлғаларға осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті теңгеріміне нақты алу мәніне салыстыру актілерін (бұдан әрі – салыстыру актісі) жолдайды.

8-3. Мемлекеттік заңды тұлғалар салыстыру актілерін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларға қол қоюды және бір дананы уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға қайтаруды не мүлікті теңгерімге алмаған жағдайда - себебін көрсете отырып, қол қоюдан дәлелді бас тартуды жолдауды қамтамасыз етеді.

8-4. Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік заңды тұлғаның мүлікті толық немесе ішінара алмауына байланысты салыстыру актісіне қол қоюдан дәлелді бас тартуын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолдайды.»;

12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджеттің  немесе Арнаулы мемлекеттік қордың кірісіне аударады.»;

14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны 50 (елу) пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қордың аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.»;

26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер кепілдік жарна сомасы сату бағасынан асатын жағдайда, бірыңғай оператор сатушы мен сатып алушы сатып алу-сату шартын жасасқан  күні жеңімпаздың электрондық әмиянында   айырмасы бұғаттан шығарылады.»;

27-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Барлық қалған жағдайларда жеңімпаздың электрондық әмиянында кепілдік жарна сомасына тең ақша сауда-саттық өткiзiлген күнi бұғаттан шығарылады. Кепілдік жарна сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға ақшаны қайтару туралы өтініште көрсеткен деректемелерге қайтарылады.»;

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы 3 (үш) минут ішінде өтінім берілген мүлік бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің электрондық әмиянда болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Қатысушының осы Қағиданың 29 және 30-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың есеп шотына хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Электрондық әмиянда бірыңғай оператордың есеп шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған кезде, тізілімнің веб-порталы өтінім қабылдауды және мүлік бойынша сауда-саттық нәтижелерін айқындағанға дейін электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасына тең ақшасын бұғаттауды жүзеге асырады, сондай-ақ қатысушыны сауда-саттыққа жіберуді жүргізеді. Электрондық әмиянда бірыңғай оператордың есеп шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған кезде, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі..»;

47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«47. Бірыңғай оператор:

1) тізілім веб-порталының қызмет етуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды;

2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініштің негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының электрондық әмиянда бұғаттан шығарылған кепілдік жарнасын тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорына 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударады;

3) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып қатысушылар қол қойған ақшаны аударуға өтінім негізінде сауда-саттықтың қатысушыларына электрондық әмиянынан ақшаны қайтарады;

4) электрондық әмиянда бұғатталмаған басқа қатысушылардың ақшаларын кейінгі сауда-саттыққа қатысу үшін өтінім беру үшін бірнеше рет пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.»;

53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:

1) аванстық төлем мүліктің сату бағасының кемiнде 15 (он бес) пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;

2) қалған сома тараптардың уағдаластығы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен кешiктiрілмей тиісті бюджетке немесе  Арнаулы мемлекеттік қорға енгiзiледі.»;

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға
2-1-қосымшамен толықтырылсын;

 

 

 

 

2) «Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы                         12 мамырдағы № 300 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11427 болып тіркелген):

2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларында:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 

«2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен қысқартулар:

1) алғашқы баға – бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде комиссия белгілейтін баға;

2) арнайы байланыс қызметі – Ұлттық почта операторының республикалық арнайы байланыс қызметі;

3) асыл тастар – табиғи алмастар, зүбәржаттар, лағылдар, сапфирлер және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи меруерт және бірегей жақұт қосылымдары;

4) асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың сараптамасы (бұдан әрі – сараптама) – асыл тастарды сәйкестендіруді және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардағы бағалы металдарды сынамалауды, сынамалау таңбалары бедерлерінің төлнұсқалығын тексеруді қамтитын, уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу;

5) бағалы металдар – алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);

6) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі – бұйымдар) – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;

7) бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары – пайдалануға келмейтін, пайдалану құндылығын жоғалтқан немесе жоюға жататын бұйымдар және (немесе) олардың бағалы металы бар құрамдас бөліктері, сондай-ақ жөнделмейтін ақауды қоса алғанда бағалы металдарды шығару мақсатында кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын техникалық және тұрмыстық мақсаттағы өнімді өндіру және пайдалану кезінде пайда болған құрамында бағалы металы бар материалдардың, металлургиялық өндірістің аралық өнімдерінің қалдықтары;

8) жергілікті атқарушы органдар – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;

9) зергерлік қосымшалар – зергерлік өндірісте пайдаланылатын, зергерлік бұйымдарға айналдырылған табиғи, синтетикалық тастар мен тас секілді заттар, сондай-ақ зергерлік бұйымдарға қойылған бағалы емес металдар;

10) зергерлік тастар – зергерлік өндірісте пайдаланылатын асыл және зергерлік-қолдан жасалған тастар;

11) комиссия – «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (бұдан әрі – № 833 Қағида) сәйкес уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылған комиссия;

12) құндылықтар – бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар;

13) құндылықтарды алған (берген) орган (тұлға) – Заңның 210-бабында көзделген негіздемелер бойынша құндылықтарды беретін мемлекеттік кірістер органдары, тұлғалар;

14) құндылықтар бар жөнелтілім – осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес жіберуші «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемеcінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиал) (бұдан әрі – Орталық) жіберетін пломбаланған (мөр басылған), қапталған құндылықтар және оларға ілеспе құжаттар;

15) құндылықтар бар орын – бір ыдысқа (қап, қорап, жәшік және т.б.) тізімдемесімен (құнды металдардың сынықтарына жасалмайды) қоса қапталған, Орталық комиссия пломбалаған және құндылықтың атауы (есебі), саны (бұйымдардың), жалпы, лигатуралық және химиялық таза массасы (оларды есептеу мүмкін болғанда), бағасын кеміткендегі массасы (болған жағдайда), сынамасы (құнды металдың құрамының), актінің нөмірі мен күні, сарапшы мен бақылаушының тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген жапсырма қағазы бар бір немесе бірнеше салымдар;

16) құндылықтарды соңғы қабылдау және сұрыптау – құндылықтардың санын, массасын (жалпы, лигатуралық және химиялық таза (оларды есептеу мүмкін болғанда), сынамасын (қорытпадағы бағалы металдардың массалық үлесі) анықтау, зергерлік қоспалардың (болған жағдайда) массасын жіктеу және анықтау, оларды құндылықтардың бекітілген түрлері және бағалы металдардың сынамалары бойынша кұндылықтарды сұрыптай отырып жіберушінің ілеспе құжаттарының мәліметтерімен (тізімдемемен немесе тізімдеме актісімен) салыстыру;

17) Орталық комиссия – құндылықтар бар жөнелтілімдерді ашуды, қабылдауды және олардың ішіндегі құндылықтарды сұрыптауды жүзеге асыру үшін құрылған сарапшы мен бақылаушыдан тұратын комиссия;

18) салым – атауы, саны (бұйымның), жалпы және лигатуралық массасы, бағасын кеміткендегі (болған жағдайда) және сынамасының массасы (құнды металдардың құрамы) көрсетіле отырып бір бастапқы қаптамаға (қағаз немесе полиэтиленді қалтаға, қағазға) орналастырылған бір бұйым немесе бір текті заттардың (бұйымдардың) топтамасы, құнды металдардың құрамы немесе сынамасы бірдей құнды металдардың бір түрі;

19) сатушы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері немесе жергілікті атқарушы орган;

20) сатып алушы – өткізу процесінде құндылықтарды сатып алатын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

21) сауда ұйымдары – сыйақы үшін бір немесе бірнеше мәміле жасау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен айқындалған тәртіппен тартылатын құндылықтарды сақтауды және сатуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе мемлекеттік емес заңды тұлға не болмаса олардың бірлестіктері;

22) синтетикалық тастар – физикалық және химиялық қасиеттері бойынша әртүрлі табиғи тастарға сәйкес келетін жасанды кристаллдық тастар;

23) таңбалау – зергерлік және басқа да бұйымдарға сынамалық таңба бедерін салу;

24) тас секілді заттар – табиғи және синтетикалық тастардан қолдан жасалған тастар, сондай-ақ жартылай немесе толықтай адам жасаған өнімдер.Бұл тастар табиғи зергерлік және синтетикалық тастардың түсін және сыртқы түрін бере алады да олардың химиялық және (немесе) физикалық қасиеттерін және (немесе) олардың кристаллдық құрылымын бере алмайды;

25) тізілім веб-порталы (бұдан әрі – тізілім) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналасқан және мүлікті есепке алу және өткізу бойынша электрондық деректер қорына қол жеткізудің бір нүктесін беретін интернет ресурс;

26) уәкілетті орган – Комитет және оның аумақтық бөлімшелері;

27) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.

  1. Сот орындаушылары немесе құндылықтарды алып қойған (беретін) органдар (тұлғалар) уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға әрбір заттың айрықша белгілерін көрсете отырып, олардың әрқайсысының, бағалы металдың немесе тастың массасын, сынамасын, түрін (атауын) егжей-тегжейлі сипаттай отырып, құндылықтардың атауын, құндылықтардың берілу күні, орны және уақыты туралы олардың орындалуына дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда № 833 Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып жазбаша хабарлайды.

Құндылықтарды сот атқарушыларынан немесе құндылықтарды алып қоюшы (беруші) органдардан (тұлғалардан) уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға беру белгіленген күні, уақытта және орында құндылықтарды тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдап алу-беру актісі (бұдан әрі – қабылдап алу-беру актісі) бойынша құндылықтардың атауын, әрбір заттың айрықша белгілерін, олардың әрқайсысының егжей-тегжейлі сипаттамасын, бағалы металдың немесе тастың массасын, сынамасын, түрін (атауын), өлшем бірлігін, мөлшерін, мүлікті бірлікке (бар болса) қабылдау кезінде алдын ала бағалауды, сомасын көрсете отырып жүзеге асырылады.

Қабылдап алу-беру актісін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган № 833 Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша онда көрсетілген тараптардың саны бойынша мөлшерде жасалады.

Коммуналдық меншікке иесіз, мұрагерлік, құрамында мәдени құндылықтарға жататын заттары жоқ қазына, олжалар негіздері бойынша айналдырылған (түскен) құндылықтарды жергілікті атқарушы органдар есепке алу күнінен 10 (он) күнтізбелік күн аспайтын мерзімде Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне оларды кейіннен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі – Ұлттық Банктің аумақтық филиалы) немесе Орталыққа жөнелту үшін береді.

Аталған құндылықтар Орталыққа құндылықтарды тапсыруды жүзеге асыратын уәкілетті органның шоттарында есепке алынады.

4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Орталыққа немесе Алматы қалалық филиалы, Жетісу  облысында (Талдықорған қаласы) филиалы мен Алматы облысында (Қонаев қаласы) филиалын қоспағанда, Ұлттық Банктің аумақтық филиалына одан әрі Орталыққа жіберілетін құндылықтарды уәкілетті орган ішкі тігіспен тігілген тығыз матамен қапталып, ағаш жәшікке немесе картон қорапқа (құндылықтардың санатына қарай) буып-түйеді. Бағалы металдардан жасалған монеталарды ішкі тігіспен тігілген тығыз матадан жасалған 2 (екі) қапқа (бірінің ішіне бірі салынып) буып-түюге рұқсат етіледі. Құндылықтар салынған жөнелтілімдер (құндылықтар салынған қаптардың ауыздары) ораманы және пломбаны бұзбай ашудың мүмкін еместігін қамтамасыз ететіндей түрде буылуы (тігілуі) және корғасын пломбамен пломбалануы тиіс.Жөнелтілімдерде (немесе қапқа таңбаларда) бағасы, өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі сантиметрмен, брутто салмағы, алушының және жіберушінің мекенжайы, құндылықтардың бағалау құны (ілеспе хатта жөнелтілімдегі (қаптағы) құндылықтардың бағалау құны, құндылықтар тізімдемесі актісінің нөміріне сәйкес келетін жөнелтілім нөмірі (екі және одан көп жөнелтілім (қап) жіберген жағдайда) көрсетіледі. Құндылықтар бар бір жөнелтілімнің немесе қаптың ең жоғарғы салмағы 10 (он) килограмнан аспайды. Құндылықтар бар жөнелтілімдерді (қаптарды) поштамен және қағаз пакеттермен жіберуге жол берілмейді.

Уәкілетті орган құндылықтарды буып-түю кезінде пайдаланылатын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының қолымен және елтаңбалық мөрмен куәландырылған пломбалар бедерлерінің үлгілерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары мен Орталыққа ұсынады. Пломбалар бедерлерінің куәландырылған үлгілерін (олар ауыстырылған жағдайда бедерлердің жаңа үлгілері) уәкілетті орган құндылықтар бар жөнелтілімдерді (қаптарды) жібергенге немесе тапсырғанға дейін алдын ала ұсынады.

  1. Құндылықтар бар жөнелтілімдерді (қаптарды) уәкілетті орган өзі дербес немесе арнайы байланыс қызметі арқылы Орталыққа немесе Алматы қалалық филиалы, Жетісу облысында (Талдықорған қаласы) филиалы мен Алматы облысында (Қонаев қаласы) филиалын қоспағанда, одан әрі Орталыққа жіберу үшін өзі дербес Ұлттық банктің аумақтық филиалына жібереді.

Құндылықтар бар жөнелтілімдерді (қаптарды) Орталыққа жіберуді Ұлттық банктің аумақтық филиалдары тек оның жүк көтергіштігі, сыйымдылығы және есіктерінің ені шегінде арнайы вагонмен жолай жеткізу мүмкін болғанда ғана жүзеге асырады.

  1. Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) жіберген кезде уәкілетті орган бағалы метал мен тастың санын, массасын, сынамасын, түрін (атауын) және әрбір заттың ерекше белгілерін көрсете отырып, олардың әрқайсысының егжей-тегжейлі сипаттамасы көрсетілген акт тізімдемесін (бұдан әрі – Тізімдеме) осы Қағидаға 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша жасайды, оған Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы қол қояды.

Тізімдемеге құндылықтарды мемлекет иелігіне айналдыруға негіз болатын құжаттардың (сот шешімі, сот сараптамасының актілері, есептен шығару актілері және басқалар) көшірмелері қоса беріледі.

Тізімдеме 2 (екі) данада жасалады, олардың бір данасы уәкілетті органда қалады, екіншісі – құндылықтар салынған жөнелтілімнің (қаптың) ішіне салынады. Орталыққа электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ілеспе хатпен бірге Microsoft Excel (Майкрософт эксель) электрондық форматындақосымшасы бар сканерленген Тізімдеме жіберіледі.

Ілеспе хатта құндылықтар мүліктің қандай түріне жататындығы (тәркіленген, мұрагерлік, иесіз немесе қазына), оның мемлекет меншігіне қандай негіз бойынша өткені, оның кімнің иелігінде болғаны (егер ол белгілі болса), құндылықтарды тәркілеуге арналған құжаттардың (алып қою актілері, сот шешімдері, сот сараптамасы актілері және басқалар) көшірмелерін қоса беріледі. Ілеспе хатта бағалау құнын көрсетуге болады.

Жөнелтілімдегі әрбір құндылыққа жөнелтілімде тізімдемесіндегі реттік нөмірге сәйкес келетін нөмір тіркеледі.

  1. Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) уәкілетті орган өкілдерімен Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының немесе Орталықтың материалдық жауапты тұлғаларына жөнелтуі уәкілетті органның өкілдерінен Алматы қаласы, Жетісу облысы және Алматы облысы үшін Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының немесе Орталықтың аумағында белгіленген күні мен уақытында жүзеге асырылады.

13, 14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Орталықта құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) алдын-ала қабылдау нәтижелері осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада жасалған құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) алдын ала қабылдау актісінде көрсетіледі. Алдын ала қабылдау актісінің бірінші данасы Орталықта қалады, екінші данасы құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) қабылдауды растау үшін уәкілетті органға жолданады. Арнайы байланыс қызметінен келіп түскен құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) Тізілім бойынша қабылдаған кезде алдын ала қабылдау актісінде тізілімнің нөмірі мен күні көрсетіледі, сонымен бірге тізілім (тізілімнің көшірмесі) алдын ала қабылдау актісіне тіркеледі.

Орталыққа жеткізілген құндылықтар салынған жөнелтілімдерді алдын ала қабылдау кезінде сот шешімінің және тізімдемелердің жоқтығы, тізімдемелерде әрбір заттың, соның ішінде жиынтыққа кіретін әрбір заттың (гарнитура, жұп және басқалар) саны, салмағы және сынамасы бойынша мәліметтердің жоқтығы немесе жеткіліксіздігі анықталған жағдайда алдын ала қабылдау актісі рәсімделмейді, еркін нысандағы жауапты сақтауға қабылдау актісі ғана рәсімделеді, ал жолдаушыға белгіленген тәртіпте рәсімделген ілеспе құжаттарды қабылдағанға дейін жөнелтілімді алдын ала қабылдаудан бас тарту туралы хабарландыру хаты жіберіледі.

Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) алдын-ала қабылдау актісіне ілеспе хатта құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) ашу күні көрсетіледі. Күнін көрсету мүмкін болмаған жағдайда Орталық құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) ашу күнін көрсетумен қосымша хат жолдайды. Уәкілетті органның өкілі келген кезде қойманың материалдық жауапты тұлғалары/Орталық комиссиясы оның қатысуымен құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) ашады және әрбір бұйымның бар-болуын, оның массасын, санын және бұйымның сипаттамасын ілеспе құжаттардың (тізімдеменің) мәліметтерімен сәйкестендіреді. Жөнелтілімді ашу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 
3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құндылықтар салынған жөнелтілімдерді ашу актісі жасалады.

Құндылықтар санының жетіспеуі, артық болуы, масса, құндылықтардың атауы бойынша сәйкессіздіктер  анықталған жағдайда ашу актісінде жазба жүргізіледі және тізімдеменің көшірмесіне жазылады.

Көрсетілген күні уәкілетті органның өкілі келмеген жағдайда, Орталық келу күні келісілгенге дейін жөнелтілімдені ашуды жүзеге асырмайды.

Құндылықтар салынған жөнелтілімді (қаптарды) уәкілетті органнан одан әрі Орталыққа жолдау үшін қабылдау кезінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларында белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалы түбіртек береді.

Алдын ала қабылдау актісін алғаннан кейін уәкілетті орган құндылықтарды қабылдаған Ұлттық банктің аумақтық филиалына құндылықтарды тапсыру түбіртегін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтарады.

  1. Орталықтың инкассалық қызметімен жеткізілген құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) Орталықтың материалдық-жауапты тұлғалары алдын ала қабылдау кезінде қаптың, байланған жіптің және пломбының бүтіндігі, пломбы оттискілерінің үлгіге сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, құндылықтар салынған жөнелтілім (қап) жауапты сақтауға қойылып, еркін нысандағы жауапты сақтауға қабылдау актісі ресімделеді.

Аталған факті бойынша Орталық уәкілетті органға қабы бүлінген жөнелтілімнің ішінде құндылықтардың бар екенін комиссиялық тексеру кезінде оның өкілінің қатысу қажеттілігі туралы жазбаша ескерту хатын жолдайды.

Өкіл келген соң қойманың материалдық-жауапты тұлғалары/Орталық комиссиясы уәкілетті орган өкілінің қатысуымен құндылықтары бар жөнелтілімді (қапты) ашады және әрбір бұйымның бар-болуын, оның массасын, санын және бұйымның сипаттамасын ілеспе құжаттардың деректерімен (тізімдемемен) салыстырып тексереді. Жөнелтілімді ашу нәтижелері бойынша ашу актісі жасалады.

Құндылықтар Орталықтың материалдық жауапты тұлғаларымен/Орталық комиссиясымен, сондай-ақ уәкілетті органның өкілімен қайта қапталады және пломбыланады.

Құндылықтардың саны тізімдеме актісіндегі мәліметтерге сай келсе немесе артық болса құндылықтар салынған жөнелтілімді (қапты) алдын ала қабылдап алу актісі ресімделеді, пломбыланған құндылықтар салынған жөнелтілім (қап) кезегімен Орталық комиссиясының өкімімен соңғы қабылдау және сұрыптау үшін беріледі.

Құндылықтар санының жетіспеуі анықталған жағдайда жөнелтілім (құндылықтар салынған қап) қайта жауапты сақтауға еркін нысанда акті жасау арқылы қойылады, ол туралы кінәлі адамдарды анықтау және залалды өндіріп алу жөніндегі тиісті шаралар қабылдағанға дейін ашу актісінде жазба жүргізіледі.

  1. Ұлттық банктің аумақтық филиалдарының және Орталықтың ғимаратына/аумағына құндылықтар салынған жөнелтілімді (қапты) әкелерде (кіргізерде) радиоактивтілікке бақылау өлшеу жүргізіледі. Радиациялық сәуле шығарғыштығы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 29012 болып тіркелген) нормативтерден жоғары жөнелтілімдер Ұлттық банктің аумақтық филиалдарының және Орталықтың ғимаратына/аумағына әкелуге (кіргізуге) жатпайды және тез арада қайтарылуы тиіс.
  2. Құндылықтары бар бір жөнелтілім 2 (екі) мың данадан аспайтын бұйымдардан (тізімдемеге сәйкес) тұрады.

Құндылықтарды соңғы қабылдау мен сұрыптауды Орталықтың өкімімен құрылған Орталықтың комиссиясы жүргізеді. Орталық комиссиясы жөнелтілімді ашу, құндылықтарды массасы мен сапасы бойынша қабылдауды жүргізеді. Құндылықтарды қабылдаумен бірге құндылықтар түрлерінің атауларына сәйкес олардың сынамалары мен түрлері бойынша сұрыптау жүзеге асырылады.

 Соңғы қабылдау мен сұрыптау үшін Орталықтың комиссиясына жөнелтілімді (қапты) беру осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген жөнелтілімді қоспағанда, жөнелтілімдердің түсу кезектілігі тәртібінде жүзеге асырылады

21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес сынықтарға жатқызылған бұйымдар жақын маңдағы төменгі сынамалар бойынша тиісті бағалы металдың сынықтары ретінде есепке алынады (ҚР СТ 967-2018-Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар. Техникалық шарттар.).

Құндылықтарды қабылдау және сұрыптау нәтижесінде пайда болған қалдықтар (желім, сынықтары бар тастар, жіп және басқалар) Орталық комиссиясымен жойылады, ол туралы қабылдау және сұрыптау актісінде қалдықтың жалпы салмағы көрсетіліп жазылады.

  1. Құндылықтарды қабылдау және сұрыптау кезінде бағалы металдардың тиісті түрлерінің «Сынықтарға қарау үшін құндылықтар» түріне сыныққа жатқызылу себептерін көрсете отырып, мынадай құндылықтар жатады:

тарихи, музейлік құндылығы жоқ, бүлінген, өзгерген, жинақталмаған бұйымдар;

бағалы металдардан жасалған толық салмағы жоқ бүлінген монеталар;

бағалы металдардың сыртқы түрі, таңбалануы, массасы және құрамы бойынша ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін бағалы металдардың құймалары.

Бұйымдардың, сондай-ақ белгілі сауда маркаларына жататын бұйымдардың тарихи және музейлік құндылығын айқындауды құндылықтар есепте тұрған уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

«Сынықтарға қарау үшін құндылықтар» орындарының жинақталуына қарай уәкілетті орган Орталыққа оның өкілінің қатысуымен құндылықтарды комиссиялық қарап-тексеру қажеттігі туралы хабарлама жолдайды. Құндылықтарды комиссиялық тексеру қорытындылары бойынша еркін нысанда құндылықтарды комиссиялық тексерудің акті жасалады, ол құндылықтарды сынықтарға немесе бұйымдарға жатқызу туралы шешім қабылдау үшін құндылықтар есепте тұратын уәкілетті органға жолдайды.

Уәкілетті органның шешімін ашу актісінде көрсете отырып, жөнелтілімді ашу кезінде құндылықтарды сынықтарға немесе бұйымдарға жатқызуды айқындауға жол беріледі.

Сыныққа жатқызылған бұйымдарға ендірме қойылады, бұйымдар иесіздендіріп құнды металдардың түрлері және сынамалары бойынша біріктіріледі.

Түрі және сынамасы бір бағалы металдардың сынығы қабылдау кезінде салмағы 15 (он бес) килограмнан аспайтын жеке қосымшаларға біріктіріледі

25-тармақтың бірінші бөлігіне қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тілінде мәтін өзгермейді;   

мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

«26-1. Орталық уәкiлеттi органға оның шотында құндылықтардың мынадай түрлерiнiң бiрi немесе бiрнешеуi жинақталған кезде құндылықтарды алу қажеттiгi туралы хабарлама жiбередi:

салмағы 150 (жүз елу) грамм алтыннан жасалған бұйымдары;

салмағы 5000 (бес мың) грамм күмістен жасалған бұйымдар;

салмағы 10 000 (он мың) грамм құрамында алтыны жоқ бағалы металдардың сынықтары.

Сауда ұйымы болған жағдайда уәкілетті орган Орталықтан хабарламаны алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде одан құндылықтарды бағалау және өткізу үшін алуды қамтамасыз етеді.

Сауда ұйымы болмаған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бағалау және өткізу үшін Орталықтан құндылықтарды алуды жүзеге асырылады.»;

35-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен өткізілген құндылықтардың немесе сыныққа жатқызылған құндылықтардың құнын қайтару тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:

«39-1. Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес құндылықтарды тіркеуге қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталына құндылықтар туралы мәліметтерді: атауы, түрі , үлгі, масса, саны енгізуді қамтамасыз етеді.

Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар құндылықтар салынған жөнелтілімді ашу актілері, құндылықтарды қабылдау және сұрыптау актілерінің, біріктіру актілерінің негізінде оларды Орталықтан алу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталындағы құндылықтар туралы мәліметтерді түзетуді жүзеге асырады.»;

41-1 және 41-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«41-1. Сатушы:

1) құндылықтарды сату мерзімдерін белгілейді;

2) комиссия шешімінің негізінде құндылықтардың алғашқы бағасын анықтайды;

3) сауда ұйымдарының құндылықтарды сату барысын бақылауды жүзеге асырады;

4) сауда ұйымдарымен есеп айырысуды жүзеге асырады;

5) құндылықтарды сату үшін қажетті басқа іс-шараларды өткізеді.

41-2. Сауда ұйымы құндылықтарды сату туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат баспа құралдарында немесе сауда ұйымының веб-сайтында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

Хабарламада асыл металды өндіруші ел (егер мәлім болса) түрі және саны, қосымшалар саны, жалпы, лигатуралық және химиялық таза салмағы, сынамасын/ құрамы (есептеу мүмкін болған жағдайда) қосымшалар сипаттамасы көрсетіледі.»;

мынадай мазмұндағы 41-3-тармақпен толықтырылсын:

«41-3. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілетті ұйыммен жасасқан мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 401 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13760 болып тіркелген) бекітілген Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен сараптама және (немесе) таңбалау жүзеге асырылады.»;

43 және 43-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«43. Құнын анықтағаннан кейін сатушы күнтізбелік бес күн ішінде әрбір бұйымның атауын, шығарған елін (егер белгілі болса), бағалы металдың түрін, санын, ендірме санын, сынамасын/құрамын, жалпы, лигатуралық және химиялық таза салмағын (оларды есептеу мүмкіндігі кезінде), ендірме сипаттамасын көрсете отырып, өткізілетін құндылықтар туралы ақпаратты тізілім веб-порталына енгізуді қамтамасыз етеді.

Құндылықтарды сауда ұйымдары арқылы сақтауға және сатуға беру осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

Құндылықтарды сату сатушыдан хабарламаны алғаннан кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жүзеге асырылады. Хабарламада оларды сатқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген деректемелер бойынша аударылуы тиіс әрбір бұйымның алғашқы бағасы көрсете отырып өткізілетін құндылықтар туралы мәліметтер көрсетіледі.

Белгілі сауда маркаларына жатқызылған бұйымдарды қоспағанда құндылықтарды сату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес комиссиялық сауда-саттық ережелері бойынша сауда ұйымымен жүзеге асырылады.

Бұл ретте сауда ұйымына комиссиялық сыйақы сатушының хабарламасында көрсетілген құндылықтардың алғашқы бағасына қоса есептеледі, бірақ, олардың алғашқы бағасынан 20%-дан аспауы тиіс.

Сауда ұйымы ниет білдіргендерге құндылықтарды қарауға еркін қолжеткізуді қамтамасыз етеді.

Құндылықтарды сатушының хабарламасында көрсетілген олардың алғашқы бағасынан төмен сатуға болмайды.

Сауда ұйымы сатушыға оған берілген құндылықтар туралы ай сайынғы есепті ұсынады.

Белгілі сауда маркаларына жатқызылған бұйымдарды сатушы «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығымен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларына сәйкес аукцион арқылы сатады.

43-1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімінен кейін өткізілмеген құндылықтар қалған жағдайда, сауда ұйымының құндылықтарды алғашқы бағасы бойынша сатып алуына жол беріледі.»;

46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«46. Мүлікті өткізуден түскен қаражат тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың кірісіне аударылады.».

осы Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                           Т.А.Ә.

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

          Қазақстан Республикасы

          Әділет министрлігі

     

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс

Министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық банкі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

          Қазақстан Республикасы

          Ұлттық экономика министрлігі

 

 

Дата публикации
26 апреля 2024