БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Тізілім мынадай екі кіші бөлімнен тұрады: негізгі және қосымша.
Тізілімде мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілерінің есепке алу, бағдарламалық қамтамасыз етуге, интернет-ресурстарға және электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар - меншік иелері (иелері) тізілімге енгізу үшін бірыңғай операторға береді:
мемлекеттің мүліктік құқықтарын растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері (оның ішінде интернет-ресурстардың домендік атауына) және бағдарламалық қамтамасыз ету мен интернет-ресурстарға қатысты бухгалтерлік баланс баптарының толық жазылуы;
алынбалы тасығыштағы электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмелері.
Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін жаңарту мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің тізіліммен интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы күн сайын жүзеге асырылады.»;
14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) квазимемлекеттік сектор субъектілері, оларды жекешелендіру және иеліктен шығару, сондай-ақ кеңістіктік (географиялық) деректер туралы мәліметтер;»;
17-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1. Кәсіпкерлік ортада мемлекеттің қатысуы орындылығын анықтау мақсатында бәсекелестіктің тауар нарықтарындағы жай-күйін талдау нәтижелері бойынша тізілім мәліметтерін өзектендіруді монополияға қарсы орган жүргізеді, ол тізілімге тауар нарығындағы мынадай мән-жайлар туралы ақпаратты енгізеді:
1) ұйым/ мемлекеттік кәсіпорын жұмыспен қамтыған тауар нарығын жеке нарық субъектілерінің тұтынушылардың сұранысын негізге ала отырып, тауар нарығының қажеттіліктерін толық қанағаттандыру қабілетіне бағалау;
2) жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің қайталануына жол бермеу мақсатында нарықтың жеке субъектілері және ұйым / мемлекеттік кәсіпорын бөлінісінде тауар нарығында әрекет ететін нарық субъектілерінің санын айқындау;
3) тиісті тауар нарығындағы бәсекелестікке ұйым / мемлекеттік кәсіпорын үлесінің әсерін бағалау.
Уәкілетті және монополияға қарсы органдар бірлесіп бекіткен алгоритм бойынша монополияға қарсы органның ақпаратын өңдеу нәтижелері бойынша тізілімде ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар бойынша мәліметтерді тізілімінде жаңарту жолымен, оларға мынадай:
1) мемлекеттік меншікте тұрақты/уақытша сақтау;
2) тарату;
3) қайта ұйымдастыру;
4) жекешелендіру;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мәртебелерін бере отырып жүргізеді.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Лауазымы Аты-жөні
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі