БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабының 6-тармағын және Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:»
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесінде:
5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) электрондық есеп Сервис арқылы жасалады. Сервиспен жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасы қойылатын осы Әдістеменің 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты және № 468 бұйрықпен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 1, 2, 3, 4, 5 және 6 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігі бар файлдар қалыптастырылады;»
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық тексеру саласында мемлекеттік саясат пен қызметті мемлекеттік реттеуді жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның деректерімен жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық есебінің деректерін салыстыру нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлік анықталады:
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-тарауымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтпеген, соның ішінде жаңадан құрылған;
Заңның 4-тарауымен белгіленген тәртіпте тіркелген, оған қатысты реконструкциялау, жаңадан жоспарлау, объектінің құрамының өзгерісі немесе мақсаты жүзеге асырылған және кейіннен мемлекеттік техникалық тексеруден өтпеген;
балансында тұрған және мемлекеттік заңды тұлғаларға одан әрі бекітіп беру үшін құқық орнатушы құжаттары жоқ (қаржылық жалдауға алынғанды қоспағанда) жылжымайтын мүлік айқындалады.»;
11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кәсіпорындар құнның қайта бағалау бойынша есептеу моделін есеп саясатында таңдаған жағдайда «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен анықталған қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысанын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11054 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 200-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
1-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) осы бұйрыққа 12-1) қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар түрінде мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:»;
осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 12-1)-қосымшасымен толықтырылсын;
13-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі М. Такиев