Аналитический анализ проведения внутреннего анализа коррупционных рисков рабочей группы департамента государственного имущества и приватизации Кызылорды Определение

Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №-111-ж  бұйрығына сәйкес, жұмыс тобы құрылып  департаменттің бөлімдерінің қызметтеріне  2023 жылдың қорытындысымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығының негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізе отырып, келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

  1. Заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті иелені бөлімі

Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» және т.б. Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің шешімдері мен тапсырмаларын, Департамент басшысының тапсырмасы мен бұйрықтарын басшылыққа алады. Көрсетілген нормативтік актілер бөлімнің қызметіне қатысты мәселелерді көтеретін  барлық белгіленген құқықтық нормалардың талаптарына сай және жемқорлық құқық бұзушылықтың пайда болуына себепші болдырмайды.

         Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша.

 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының  2018  жылғы «17» қыркүйектегі № 934 бұйрығымен бекітілген  «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы  Ережесіне сәйкес 2023 жылы республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүліктерін теңгерімнен теңгерімге беру туралы 17 бұйрық шығарылып 17 алыс-беріс актісі жасалған.  Барлығы 887 мүліктер республикалық мемлекетттік мекемелердің теңгерімнен теңгерімге берілді. Соның ішінде 877 мүлік, 10 автокөлік құралдары.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап департамент құзіретіне келесі  функциялар берілді:

орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының мүлкін қоспағанда, республикалық мемлекеттік мекемелердің мүлкін коммуналдық меншікке беру;

коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының теңгеріміне беруді қоспағанда, республикалық меншікке республикалық мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне беруге келісім беру.

Осыған байланысты департаментпен республикалық меншіктен коммуналдық меншікке 123 мүлікті беру бойынша 12 бұйрық шығарылды. Соның ішінде 100 мүлік, 23 автокөлік құралы мен жылжымайтын мүліктер және коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктерін республикалық меншікке беру бойынша 24 келісім жасалған.

         Сонымен қатар, департамент 2023 жылы табыстау актісін бекіту бойынша 2 бұйрық шығарылған. (ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті РММ, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Қызылорда облысының сауда департаменті РММ).

          Бөлім өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңдылықтарға, департаменттің және бөлімнің Ережелеріне сәйкес, негізгі жұмыстарының бірі республикалық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру, сенімді басқаруға және жалға беру  болып табылады. Осыған байланысты бөліммен 2023 жыл қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында төмендегідей ішкі талдау жұмыстары жүргізілді:

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Республикалық мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру бөлігінде:

Республикалық мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру кезінде республикалық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан ұсынылатын нысандар негізінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 Қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» сәйкес жүргізіледі.

Аталған Қағидада жекешелендіруге жататын республикалық мүліктердің құжаттарының қалай рәсімделетіні, ұсынылған нысандар бойынша жекешелендірілген уақытқа дейін теңгерім ұстаушының жауапты болатындығы, сату Кестесіне енгізілгеннен кейін мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз бағалау компанияларының  бағалау жөніндегі жұмыс тапсырмаларын қолданыстағы ҚР бағалау туралы заңдылықтарына сай жүргізу қажеттігін және т.б. толықтай қамтылған. Сонымен қатар бұл жұмыстардың барлығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылып сауда-саттықтың электронды түрде ашық өткізілетіндігінде.

 

Объектілерді сенімгерлік басқаруға беру бөлігінде.

Республикалық меншік объектілерін  кейіннен сатып алу құқығымен және құқығынсыз мемлекеттік емес жеке және заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға беру ҚР ҰЭМ 16.01.2015 ж. № 17 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартына сәйкес жүзеге асырылады.

Сенімгерлік басқарудың үлгілік шартының 11-тармағының 9) тармақшасына сәйкес сенімгерлік басқарушы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, қаржылық қызмет туралы және мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепті электрондық түрде ұсынады, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және  бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер өткізу кезінде тендер нәтижелеріне әсер етуі мүмкін адами факторлар толығымен алынып тасталған.

Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік мүлік құқығына ие болу бөлігінде.

Сыйға тарту шарты бойынша жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мүлікке құқықтарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.09.28 № 1103 қаулысымен бекітілген сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік мүлік құқығына ие болу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР ҚМ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттің бұйрықтарына сәйкес Департамент пен сыйға тартушы арасында Қағидаларда белгіленген мерзімдерде сыйға тарту шарты және беру қабылдау актісі жасалынады. 

Республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру бөлігінде:

Республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру ҚР ҚЭМ 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес, теңгерім ұстаушы ұсынылатын нысандар бойынша берілген мәліметтерге жауапты болады.    

ҚР ҰЭМ 2019 жылғы 24 шілдедегі №67 бұйрығымен Мемлекеттік мүлікті жалға беру қағидасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, бұл жұмыстарда электронды түрде жүргізілуде. Яғни, жалға беру жұмыстарының барлығы www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылады және кепілдік жарналарды енгізу, жеңімпаздармен келісімшарттар, алыс-беріс актілерін рәсімдеу барлығы электронды түрде рәсімделеді. Осыған орай, жалға алушылармен келісім шарт жасау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ. 

Осы жоғарыда аталған Қағидаларға сәйкес, бөлім қызметкерлеріне теңгерім ұстаушының мәліметтеріне байланысты,  жекешелендіру, жалға және сенімгерлік басқаруға беру бойынша нысандар жөніндегі ақпараттарды веб-порталға енгізу барысында құжаттарының, объектінің мекен-жайы, жалға берілетін алаң, теңгерім ұстаушының атауының және т.б. дұрыс енгізілуіне өте мұқият болу қажеттігі атап өтілді.

 

 

  1. Жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімі бойынша

 Жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімі (әрі қарай – Бөлім)  негізгі жұмыстарының құзіреті шегінде республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, осыған байланысты бөліммен 2023 жыл (01.12.2023ж) бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында төмендегідей ішкі талдау жүргізудің жұмыстары жүргізілген.

- Бөлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау            

          Бөлімде ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 Қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану  Қағидасымен және осы бағыттағы басқада қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер аясында жұмыстар атқарылған.      

             Осы бағытта, сот шешімдері негізінде, 2023 жылдың осы кезеңіне (01.12.2023ж) көлемінде барлық құны 18,7 млн. теңгенің 6474 дана мүліктері, оның ішінде, 6 автокөлік, 6200 литр жанар-жағар майы,  289 дана оргтехникалар мен халық тұтынатын тауарлары қабылданып, оларды қоймаларда сақтап тұру және оларды одан әрі пайдалану жұмыстары жүргізілген.

            Қабылданған мүліктер түгелдей мемлекеттік тізілімнің электрондық веб-порталына енгізіліп, оларға одан әрі пайдалану шараларын жүргізу үшін тәуелсіз бағалаушылармен бағаланып, сауда-саттыққа шығарылып отырылған.

            Шешімдердерді  қабылдауда  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмеу және атқарылатын қызметтердің уақытылы және сапалы орындалулары үшін ережелермен белгіленген мерзімдердің сақталуы және мүліктерді одан әрі пайдалану барысында толық қолжетімділік, ашықтық, жариялылықпен қамтамасыз етілген.

- Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

           Бөлім, ҚР Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығымен бекітілген «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тиым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы»  аясында айқындалатын тәртіппен тәркіленген мүліктерді, заттай айғақтарды, мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар берген арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды және республикалық  меншікке өтеусіз өткен, мемлекет пайдасына бас татудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

            Бөліммен Департаменттің жанынан 2022 жылдың 25 қаңтардағы №9 бұйрығымен тиісті уәкілетті және де басқа органдардың қызметтері өкілдерінен тұратын  құрылған тұрақты  комиссиясының 33 отырысында (хаттамалық) мемлекет пайдасына айналдырылған мүліктерді электрондық сауда-саттықта (аукционда) сату,өтпеген және пайдалануға жарамсыз мүліктерді жою және мүліктерді мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне өтеусіз беру жөніндегі мәселелері қаралған.

         Атап айтқанда, 2023 жылдың 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша  барлығы  құны 18,5 млн. теңгенің 6474 бірліктегі мүлкі қабылданып, оның ішінде:

         - 5418 мүлік  электрондық сауда-саттықта сатылып бюджетке 3,8 млн. теңгенің қаражаты түсірілген;

         - 11,7 млн.. теңгенің 30 мүлкі мемлекеттік заңды тұлғалардың мүліктер құрамына өтеусіз берілген;

         -  65 мүлкіне жою  шаралары жүргізілген.      

        Жыл көлемінде өткізуші тиісті органдар (мемлекеттік сот орындаушылары) арқылы қабылданған мүліктерге екі жақты қабылдау-беру актілері негізінде салыстырмалы түгендеу жұмыстары жүргізіліп отырылған.  Әрбір сауда-саттықтан түскен қаражаттың бюджет есебіне кірістелгендігіне бақылау жасалады.

       Бөлім қызметкерлерінің міндеттері нақтыланып, қабылданатын мүліктерге жауапты материалдық қызметкер (бұйрықпен) бекітілген.        

Кірістелетін мүліктерді қабылдау, беру және сақтауға өткізу және жою процестері барысында материалдардың цифрлық форматта сақталуын қамтамасыз етілуі мақсатында фототүсірілім және бейнежазба қолданыла отырып атқарылады.

           Бөліммен  атқарылған жұмыстар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған.

 

  1. Активтерді басқару бөлімі

  Активтерді басқару бөлімі өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңдылықтарға, департаменттің және бөлімнің Ережелеріне сәйкес, негізгі жұмыстары мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасы аясында теңгерімдегі автивтерді басқару болып табылады. Осыған байланысты бөлімнің қызметіне 2023 жыл қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында төмендегідей ішкі талдау жұмыстары жүргізілді:

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алуы ықтимал болуы мүмкін жұмыстарының бірі мемлекеттік сатып алу. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің орын алмауына алғышарттардың алдын алу үшін жағдай жасау үшін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы қолданысқа енгізілді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына қабылданған соңғы түзетулер бір көзден сатып алуды қысқартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған. Бір көзден сатып алуды қысқарту шеңберінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасудың 4 негіздері алынып тасталды. Бір көзден сатып алу айрықша жағдайларда, мұндай сатып алуды өзге де бәсекелестік тәсілдермен жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде ғана жүзеге асырылатыны туралы норма көзделген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту шеңберінде рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, сонымен қатар өнім берушіні таңдаудың объективті және ашық өлшемшарттарын пайдалану мақсатында онлайн режимде тауар сатып алуға мүмкіндік беретін Электрондық дүкен түріндегі сатып алудың жаңа тәсілі көзделген. Сатып алуды жетілдіру шеңберінде негіздемелік келісімдерді, сондай-ақ өмірлік циклі құнын пайдалана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілдері көзделген.

Осыған орай, қабылданып жатқан шаралар ашықтықты, мемлекеттік сатып алулардың қолжетімділігін, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту бойынша қол жеткізілген нәтижелерді дамытуға мүмкіндік береді.

2023 жылы барлығы 130 мемлекеттік сатып алу өткізілген. Оның ішінде: департамент қызметкерлерінен құралған комиссия құрамының қатысуымен мемлекеттік сатып алудың ашық конкурс тәсілі арқылы барлығы – 23 мемлекеттік сатып алу, ал бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілі арқылы барлығы – 107 мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Жүргізілген сатып алуға қатысқан әлеуетті өнім берушілердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін комиссия тобы анықтады.

Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алуы ықтимал болуы мүмкін жағдайлар әлеуетті өнім берушілерге заңсыз артықшылық көрсетумен, нақты бір өнім берушіге негізсіз қолайлы жағдай жасаумен, келісім-шарт міндеттерін дұрыс орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тануға байланысты шараларды орындамай оларға мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне одан әрі қатысуға жағдай жасаумен ерекшеленеді.

Осыған орай, 2023 жыл басынан келісім-шарт міндеттерін дұрыс орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану үшін сот органдарына талап арыз беріліп, 4 өнім беруші жосықсыз қатысуышылар тізіміне енгізілді.

 

  1. Кадр және құқықтық жұмыс бөлімі

Департаменттің кадр жұмысын жүзеге асыру кезінде өз қызметі барысында мемлекеттік органдар жүзеге асыратын кадр мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №Л-239 санды және 2023 жылғы 18 тамыздағы №Л-134 санды бұйрықтарымен бекітілген штаттық кестесіне сәйкес Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде 15 қызметкер жұмыс атқарады. Онын ішінде - департамент басшысы (С-О-1 санаты - 1), департамент басшысының орынбасары (С-О-2 санаты – 1),  бөлім басшысы (С-О-4 санаты - 5), бас маман (С-О-5 санаты - 8).

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 21.02.2017 ж. №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес және Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 05.04.2023 ж. №71 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптары негізінде конкурстық негізде жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 36-бабына және 2023 жылға бекітілген тағылымдамадан өту кестесіне сәйкес, Департаменттің жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің бас маманы Б. Бакиев тағылымдамадан өткен.

2023 жылғы біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспар кестелеріне сәйкес, Департаменттің 4 қызметкері  (Б.Боранбаев, Б.Бакиев, Н.Әбдрәсіл және У.Ахметова) біліктілігін арттыру курсынан және 1 қызметкер (Ж.Абдуаитов) басшы лауазымына алғаш рет тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курсынан өткен.

Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрбір қызметкердің жеке ісінде ҰҚКД арнайы тексерудің оң нәтижесі туралы анықтама бар.

Теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерлер болған жоқ. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі ережелерін бұзған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ.

Кадр жұмысын жүзеге асыруда  нормалар заңнамамен нақты регламенттелуіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Департаментте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу мәселелері тұрақты бақылауда.

Департаменттің 2023 жылға бекітілген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы іс-шара жоспары белгіленген мерзімде орындалған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес барлық қызметкерлер (және олардың жұбайлары) белгіленген мерзімде салық органдарына 2022 жылғы табыстары туралы декларациялар мен мүлік туралы мәліметті уақытылы табысталған.

Департаменттің әкімшілік ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 22.02.2022 жылғы №814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіні,  сенім телефонының нөмірі көрсетілген стендтер орналастырылған.  Сонымен қатар, Департаменттің әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігі орнатылған.

Департамент қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңсыз әрекеттер туралы Жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде БАҚ-тың шағымдары түспеген.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 22.06.2016 жылғы №113 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларының талаптары сақталады. Департаменттің жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілеріне тиісті сұрау салулар қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен жіберіледі.

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп, анықталған құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, болдырмау бағытында нақты шаралар қабылдау туралы Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізіледі.

Құқықтық жұмысты жүзеге асыру кезіндегі өз қызметі барысында Департамент Комитеттің 27.09.2018 ж. №934 бұйрығымен бекітілген Департамент туралы ережені және Департаменттің қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Департаментте мемлекеттің мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп тұрады, оның шеңберінде талап қою жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты, құқықтық жұмысты жүзеге асыру кезінде заңнамада нормалар нақты регламенттелгеніне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.

Мемлекеттік органдар жүргізген тексерулердің нәтижелері.

Бөлімге қатысты:

2023 жылы 27 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің есептік ақпаратта қамтылған деректерді тексеру жүргізіледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар

2023 жылға арналған Медиа-Жоспарды орындау мақсатында мақалалар жарияланды:

2023 жылғы 15 наурыздағы №11 (815) «Ел тілегі» газетінде Департамент басшысының орынбасары С.С.-Омаровтың «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық және жариялылық» атты  мақаласы жарияланды.

2023 жылғы 26 сәуірдегі №17 (821) «Ел тілегі» газетінде Департаменттің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.-Ердесбековтың «Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде қолданыстағы «Е-Қаржымині» жүйесі арқылы негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді автоматты түрде есепке алу» атты  мақаласы жарияланды.

2023 жылғы 17 мамырдағы №20 (824) «Ел тілегі» газетінде Департаменттің кадр және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Ә.Құлжанованың «Жемқорлықпен күресу міндет» атты  мақаласы жарияланды.

2023 жылғы 28 маусымдағы  №26 (830) «Ел тілегі» газетінде Департаменттің жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы Б.-Боранбаевтың «Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік қалай пайдаланылады» атты  мақаласы жарияланды.

2023 жылғы 26 шілдедегі  №30 (834) «Ел тілегі» газетінде Департаменттің активтерді басқару бөлімінің басшысы Ж.-Абдуаитовтың «Мемлекеттік сатып алу заңындағы өзгерістер» атты  мақаласы жарияланды.

2023 жылғы 16 тамыздағы №33 (837) «Ел тілегі» газетінде Департаменттің заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті иелену бөлімінің басшысы Н. Әбдрәсілдің «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру тәртібі» атты  мақаласы жарияланды.

2023 жылғы 13 қыркүйекте №37 (841) «Ел тілегі» газетінде Департамент басшысының орынбасары С.С.-Омаровтың «Әдеп кодексін сақтау әрбір мемлекеттік қызметшілердің міндеті» атты мақаласы жарияланған.

Сонымен қатар, Департаменттің Facebook парақшасында (Кызылординский ДГИП) әлеуметтік желісінде  жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы Б.-Боранбаевтың «Сыйлықтарды арнаулы мемлекеттік қорға өткізу» тақырыбындағы мақаласы орналастырылды. 

Департаментке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

2023 жылы департаментке жеке тұлғалардан 10 өтініш келіп түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан 7 өтініш, заңды тұлғалардан 3 өтініш. Өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралған және орындалған.

Сот органдарының талдау объектісі, қылмыстық істер фабуласы қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты шешімдері.

2023 жылғы қаңтар айынан 2023 жылғы желтоқсан айын қоса алғанда  департамент қызметкерлеріне қатысты сот актілері болған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері тәуекелдер.

2023 жылы  кадр және құқықтық жұмыс бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

         

  1. Қаржылық қамтамасыз ету бөлімі

Бөлімдердің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша.

2023 жылдың жеке қаржыландыру жоспары бойынша департаментке 113282,6 мың теңге қаражаты бөлінді. 2023 жылдың 27 желтоқсанына  113282,6 мың теңге Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығы негізінде толығымен игерілген. Оның ішінде бағдарламалар бөлінісінде:

217 001 100 – 5 208,7 мың теңге (негізгі мүліктерді күтіп ұстау шығындары, БАҚ беттеріне мақала шығару және  басқа да қызметтер – 5 208,7 мың теңге).

217 001 111 – 3 608,3 мың теңге (негізгі мүліктерді сатып алу  – 3 608,3 мың теңге).

217 001 123 – 99 068,3 мың теңге (Автокөлікті міндетті сақтандыру –
58,0 мың теңге;

жанар-жағар май – 10 476,7 мың теңге; басқа да қорларды сатып алу – 3 108,3 мың теңге;

коммуналдық қызметтерге – 11 098,8 мың теңге;

автокөліктерді жалға алу қызметі – 24 920,8 мың теңге;

басқа да қызметтер мен жұмыстарға– 49 363,7 мың теңге;
өзге де шығындар – 42,0 мың теңге)
;

217 094 100 – 517,3 мың теңге (мүліктерді бағалау қызметі – 517,3 мың теңге);

217 094 102 – 4 880,0 мың теңге (тәркіленген мүліктерді сақтау, жою, бағалау ақауларын тексеру – 4 880,0 мың теңге).

Өнім берушілерден келіп түскен құжаттарға (жүкқұжаттар және атқарылған жұмыстар актілері) қаржылық қамтамасыз ету бөлімі тарапынан қызмет немесе жұмыс көрсетілген орындарындағы шаруашылық меңгерушілердің қолы және штампы дәлелдеуші ретінде қойылады.

«Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасын іске асыру шеңберінде Қазынашылық және Мемлекеттік кірістер департаменттерінің аумақтық бөлімшелерін оңтайлы орналастыру жүргізілді. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бекіткен іс-шаралар жоспарын іске асыруға сәйкес, Департамент теңгеріміне қабылданған объектілер – 33. Оның ішінде: 18 - әкімшілік ғимараттар, одан: 6 - коммуналдық және республикалық меншікке берілді; 12 - Департамент теңгерімінде; 15 - қосалқы объектілер (гараж, қазандық, қойма). одан: 4 - коммуналдық және республикалық меншікке берілді; 1 - есептен шығарылды; 10 - Департамент теңгерімінде.

Қазіргі таңда Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарының Қазынашылық және Мемлекеттік кірістер департаменттерінің аумақтық бөлімшелері бір ғимаратта орналасқан. Оңтайлы орналастыру барысында босатылған әкімшілік ғимараттар республикалық және коммуналдық меншікке берілді. Оның ішінде:

  • 2015 жылы Жалағаш және Сырдария аудандары бойынша аудандық Қазынашылық басқармаларының 2 (екі) әкімшілік ғимараттары облыстың коммуналдық меншігіне;
  • 2016 жылы Қармақшы және Шиелі аудандық Қазынашылық басқармаларының 2 (екі) әкімшілік ғимараттары басқа республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне;
  • 2021 жылы Жаңақорған аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының
    1 (бір) әкімшілік ғимараты облыстың коммуналдық меншігіне берілді.

    2023 жылы Қаржы министрлігі аппараты басшысының
2022 жылғы 25 қарашадағы №1196 бұйрығымен бекітілген «Бірыңғай баланс ұстаушы» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-процестерін жүргізу тәртібін іске асыру жөніндегі Жол картасының 5-тармағын орындау мақсатында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті теңгеріміне 7 әкімшілік ғимараттар мен 3 қазандық пен 1 көлікжай өткізілген болатын. Атап айтқанда: Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының әкімшілік ғимараттары, қазандықтары (Арал, Сырдария, Шиелі аудандары) және көлікжайы (Қармақшы ауданы).

           Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті теңгеріміне өткізілген ғимараттарда аудандық қазынашылық басқармалары орналасқан.

 Сонымен қатар, жоғарыда аталған бұйрықты орындау үшін
2023 жылдың 28 ақпанында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 75,0 млн теңгеге негізгі мүліктер және 9,2 млн теңгеге қордағы мүліктер өткізілген.

 

Департаменттің жұмыс тобы бөлімдерге жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша көтерілген мәселелерді қарап, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сипаты орын алмаған деп қорытынды жасап, келесіні ҰСЫНАДЫ:

  • Мемлекеттік сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңында көрсетілген талаптарды қатаң сақтау;
  • ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу 207 бабына байланысты әкімшілік құқық бұзышылыққа әкеп соғатын шараларды болдыртпау;
  • Электронды түрде өткізіліп жатқан объектілерді жалға беру, сенімді басқаруға беру, жекешелендіру бойынша сауда-саттықтарда және Департаменттің бөлімдері өз құзыреті шегінде атқарылатын жұмыстарға байланысты департаменттің беделін жоғары ұстау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тұрақты түрде жүргізіп отыруға баса назарға алу;
  • Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 2024 жылға арналған құқықтық оқулар жоспарын бекітуде бөлімдердің қызметіне сәйкес және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тақырыптарында айына 1 реттен құқықтық сабақ өткізу.

 

 

 

Департамент басшысының орынбасары,

жұмыс тобының жетекшісі                                                   С. Омаров

 

Заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті

иелену бөлімінің басшысы, топ мүшесі                                  Н. Әбдрәсіл

  

Жекелеген негіздер бойынша түскен

мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы,

топ мүшесі                                                                                 Б. Боранбаев

 

Қадр және құқықтық жұмыс

бөлімінің басшысы, топ мүшесі                                              Ә. Құлжанова

 

Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің

басшысы, топ мүшесі                                                               А. Маханбетов 

 

 

 

Дата публикации
22 февраля 2024