Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында:

2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) комиссиялық тапсырма – мүлік және тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;»;

12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың кірісіне аударады.»;

14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке  немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.»;

47-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініштің негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударады;»;

53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:

1) аванстық төлем мүліктің сату бағасының кемiнде 15 (он бес) пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;

2) қалған сома тараптардың уағдаластығы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен кешiктiрілмей тиісті бюджетке немесе  Арнаулы мемлекеттік қорға енгiзiледі.»;

2) «Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы                         12 мамырдағы № 300 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11427 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларында:

35- тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен өткізілген құндылықтардың немесе сыныққа жатқызылған құндылықтардың құнын қайтару тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;

46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«46. Мүлікті өткізуден түскен қаражат тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың кірісіне аударылады.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

 

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2024 жылғы «__» ________  № ______бұйрығына

САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

 

Р/с №

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығымен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы

1.

2-тармақтың

13) тармақшасы

 

13) комиссиялық тапсырма – мүлік және тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;

13) комиссиялық тапсырма – мүлік және тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының атауының Арнаулы мемлекеттік қор болып өзгертілуі бөлігінде «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 215-бабына түзетулер енгізілді.

2.

12-тармақтың үшінші бөлігі

12...

Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.

12...

Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының атауының Арнаулы мемлекеттік қор болып өзгертілуі бөлігінде «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 215-бабына түзетулер енгізілді.

3.

13-тармақ

13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджеттің  немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының кірісіне аударады.

13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджеттің  немесе Арнаулы мемлекеттік қордың кірісіне аударады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының атауының Арнаулы мемлекеттік қор болып өзгертілуі бөлігінде «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 215-бабына түзетулер енгізілді.

4.

14-тармақтың бірінші бөлігі

14. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.

14. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қордың аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының атауының Арнаулы мемлекеттік қор болып өзгертілуі бөлігінде «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 215-бабына түзетулер енгізілді.

5.

47-тармақтың

2) тармақшасы

47...

2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініштің негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына үш жұмыс күні ішінде аударады;

47...

2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініштің негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударады;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының атауының Арнаулы мемлекеттік қор болып өзгертілуі бөлігінде «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 215-бабына түзетулер енгізілді.

6.

53-тармақ

53. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:

1) аванстық төлем мүліктің сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;

2) қалған сома тараптардың уағдаластығы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрілмей тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына енгiзiледі.

53. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:

1) аванстық төлем мүліктің сату бағасының кемiнде 15 (он бес) пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;

2) қалған сома тараптардың уағдаластығы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен кешiктiрілмей тиісті бюджетке немесе  Арнаулы мемлекеттік қорға енгiзiледі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының атауының Арнаулы мемлекеттік қор болып өзгертілуі бөлігінде «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 215-бабына түзетулер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 300 бұйрығымен бекітілген Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидалары

7.

35- тармақтың үшінші бөлігі

35...

Уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен өткізілген құндылықтардың немесе сыныққа жатқызылған құндылықтардың құнын қайтару тиісті бюджеттің немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

35...

Уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен өткізілген құндылықтардың немесе сыныққа жатқызылған құндылықтардың құнын қайтару тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының атауының Арнаулы мемлекеттік қор болып өзгертілуі бөлігінде «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 215-бабына түзетулер енгізілді.

8.

46-тармақ

46.  Мүлікті өткізуден түскен қаражат тиісті бюджеттің немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының кірісіне аударылады.

46.  Мүлікті өткізуден түскен қаражат тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың кірісіне аударылады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының атауының Арнаулы мемлекеттік қор болып өзгертілуі бөлігінде «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 215-бабына түзетулер енгізілді.

 

 

 

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір

бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасына (бұдан әрі - Жоба) түсіндірме жазба

 

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасын іске асыру үшін әзірленді.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және/немесе басқа салдарға әкеп соқпайды.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Жобаның мақсаты жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті (бұдан әрі – тәркіленген мүлік) сатудан түскен қаражаттың түсімдерін Арнаулы мемлекеттік қорға жіберу болып табылады.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығы, енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса.

«Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы №300 бұйрығы, енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Талап етілмейді.

  1. Жобаның мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт көлемі).

Жоба 2024 жылғы ________ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, 2024 жылғы ________ №  идентификаторымен http://www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде  ____ КБ, есеп қоса беріледі).

  1. Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы ақпарат.

Жобаға баспасөз релизі мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында 2024 жылғы _______ орналастырылды.

  1. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді.

  1. Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Талап етілмейді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Қаржы министрі                                                                     Е. Жамаубаев

Дата публикации
09 января 2024