«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы 227  бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

         Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті қоспағанда, тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуға жатады.

          Мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынғанға дейін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мынадай құжаттардың:

          1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;

          2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

          Үлес меншігіндегі мүлікті сатушы сауда-саттыққа шығару алдында нарықтық құны бойынша үлес меншігінің қалған қатысушыларына ұсынады.

          Мұндай қатысушылар сатушы жазбаша ұсынысты жіберген күннен бастап бір ай ішінде жылжымайтын мүлікті, 10 (он) жұмыс күні ішінде өзге мүлікті сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда мүліктің осы үлесі сауда-саттыққа шығарылады.

Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8, 12, 15, 18, 19-позицияларында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіптің заңдылығын қолдау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қолданылмайды.

Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 12-позициясында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың
5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде Қазақстан Республикасы Президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға қолданылмайды.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

          1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

          3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазым                                                                              Т.А.Ә.

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасыңың

Ұлттық экономика министрлігі

 

«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы
30 наурыздағы № 227 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрінің
_______ жылғы «__» ________  № ______бұйрығына

САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

 

 

Р/с№

Құқықтық актінің құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы

1

4-тармақ

     4. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

     Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті қоспағанда, тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуға жатады.

     Мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынғанға дейін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мынадай құжаттардың:

     1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;

     2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

      Үлес меншігіндегі мүлікті сатушы сауда-саттыққа шығару алдында нарықтық құны бойынша үлес меншігінің қалған қатысушыларына ұсынады.

       Мұндай қатысушылар сатушы жазбаша ұсынысты жіберген күннен бастап бір ай ішінде жылжымайтын мүлікті, 10 (он) жұмыс күні ішінде өзге мүлікті сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда мүліктің осы үлесі сауда-саттыққа шығарылады.

     4. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

     Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті қоспағанда, тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуға жатады.

      Мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынғанға дейін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мынадай құжаттардың:

     1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;

     2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

     Үлес меншігіндегі мүлікті сатушы сауда-саттыққа шығару алдында нарықтық құны бойынша үлес меншігінің қалған қатысушыларына ұсынады.

     Мұндай қатысушылар сатушы жазбаша ұсынысты жіберген күннен бастап бір ай ішінде жылжымайтын мүлікті, 10 (он) жұмыс күні ішінде өзге мүлікті сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда мүліктің осы үлесі сауда-саттыққа шығарылады.

    Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8, 12, 15, 18, 19-позицияларында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіптің заңдылығын қолдау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қолданылмайды.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 12-позициясында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың
5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде Қазақстан Республикасы Президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға қолданылмайды.

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Зағының 75-бабына сәйкес мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде қылмыстық iс бойынша сот үкiмi негiзiнде не мүлiктi мемлекетке беру туралы шешiм негiзiнде тыйым салынған мүлiк мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өткізіледі немесе пайдаланылады.

     «Құқық қорғау қызметі туралы» (83-бабы), «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» (84-бабы), «Жедел-iздестiру қызметi туралы» (21-бабы) Қазақстан Республикасының Заңдарында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады деп белгіленген. Бұл ретте бюджеттен бөлінетін қаражат мүлікке (көлік, жылжымайтын мүлік және т.б.) қажеттілікті өтемейді.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы
21 сәуірдегі № 378 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының (бұдан әрі – ПІБ) Ережесінің 14-тармағына сәйкес ПІБ миссиясы осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін уақтылы және сапалы көліктік қамтамасыз ету болып табылады.

     Аталған мемлекеттік органдар көлік құралдарымен және өзге де мүлікпен жасақталмаған, оларды мерзімді жаңарту талап етіледі. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті теңгерімге қабылдау мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, үздіксіз көліктік қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, ПІБ-нің материалдық-техникалық базасын нығайтуға (жаңартуға) арналған шығындар бөлігінде бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.     

 

 

 

«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасына түсіндірме жазба

 

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

Жоба «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабына сәйкес әзірленді.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Жобаның мақсаты мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіп заңдылығын қолдау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ көліктік қызмет көрсету үшін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның теңгерімдеріне беруге болатын жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті айқындау болып табылады.

Жобаны қабылдау аталған мемлекеттік органдардың мүлікті сатып алуына бюджет қаражатын үнемдеуге, мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы
30 наурыздағы № 227 бұйрығы.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Талап етілмейді.

  1. Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

Жоба 2023 жылғы «17» қарашада мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған http://www.legalacts.egov.kz 2023 жылғы «17» қарашада (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі файл 157 КБ, есеп қоса беріледі).

  1. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

Жобаға пресс-релиз мемлекеттік органдардың 2023 жылғы «17» қарашада интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Талап етілмейді.

 

 

          Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Қаржы министрі                                                        Е. Жамаубаев

Дата публикации
17 ноября 2023