13 шілдеде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Б.К. Тәшенов Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуде Комитет төрағасы Б.К. Тәшенов Қазақстандағы жекешелендірудің тарихы, жекешелендіруді өткізу арқылы экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен шығару міндеттер туралы және 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру туралы қысқаша баяндама жасады.
Кездесуде Алматы облысы әкімінің орынбасары Исатаев Рустам Маратұлы және Алматы оюлысы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары Әбенов Ануар Асылбекұлы қатысты.
Азаматтар кездесуге белсенді қатысып, мемлекеттік мүлікті жалға алу және жекешелендіру рәсімдеріне қатысты сұрақтар қойды.
Кездесуден кейін Б.К. Тәшенов БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясына қатысып, азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.