«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасында:

12-тармақтың 10) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:

«10) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалауды жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектілері бойынша мәмілелерді сүйемелдеу мақсатында тәуелсіз консультанттарды тарту;».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                              Ә. Смайылов

Қаулы
Дата публикации
12 июня 2023