Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
- «Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысы.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 482 қаулысы.
- «Мұнай және газ көлiгi» ұлттық компаниясы» жабық акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 591 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзегрістердің 11 – тармағы.
- «Қазақстан Эксимбанкі» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 тамыздағы № 1029 қаулысының, 3–тармағы.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 тамыздағы № 1041 қаулысы.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 қазандағы № 1298 қаулысы.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 1565 қаулысы.
- «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 желтоқсандағы № 1575 қаулысы.
- «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 «Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2002 жылғы 25 ақпандағы № 248 бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 сәуірдегі № 452 қаулысы.
- «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 маусымдағы № 699.
- «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 1062 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5–тармағы.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 882 және 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1405 қаулысы.
- «Қазақстан Pecпубликасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 244 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзегрістер мен толықтырулардың 5–тармағы.
- «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 маусымдағы № 630 қаулысы.
- «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы № 344 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1–тармағы.
- «Самұрық» мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi» және «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлiк қоғамдарының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 362 қаулысының 2 тармағының 1) тармақшасы.
- «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 ақпандағы № 133 қаулысы.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 395 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3–тармағы.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 691 қаулысының 1-тармағы.
- «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн толықтырулардың 3-тармағы.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 776 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгертулердің 2-тармағы.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 және 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 915 қаулысының 1-тармағының 1-тармақшасы.
- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 1048 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2–тармағы.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы №1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә.А. Смайыловқа
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
- Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.
Жоба Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабы 30-тармағының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді.
- Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).
Жоба республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.
- Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
- Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 «Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысының күші жойылды деп тану болып табылады.
- Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.
Жоқ.
- Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.
Талап етілмейді.
- Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат.
Халықаралық шарт болып табылмайды.
- Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің
2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі.
Рұқсат етіледі.
- Жобаның мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт көлемі).
Жоба ___________ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, _________ http://www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде 74 _____, есеп қоса беріледі).
- Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы ақпарат.
Жобаға баспасөз релизі мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ____________ орналастырылды.
- Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Сәйкес келеді.
- Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.
Талап етілмейді.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестері мүшелерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесі.
Талап етілмейді.
- «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қаржы министрі Е. Жамаубаев