«Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратына қол жеткiзу ережесi бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекет мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі
ақпаратына қол жеткiзу ережесi
Тарау 1. Жалпы ережелер
- 1. Осы меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратына қол жеткiзу ережесi «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Заң) 18-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi және меншiктiң мемлекеттiк мониторингi ақпаратына (бұдан әрі – Ақпарат) қол жеткiзу тәртiбiн айқындайды.
- Ақпарат Заңмен көрсетілген мақсатта мониторинг объектілерімен және меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзуге уәкiлеттi органмен (бұдан әрі – Уәкiлеттi орган) қағаз жеткiзгiшпен және/немесе электрондық дерекқорға қол жеткiзу арқылы беріледi.
Тарау 2. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингi ақпаратына
қол жеткiзу құқығын беру тәртiбі
- Ақпаратқа қол жеткiзу құқығы:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгiне
(бұдан әрі – Президент Әкiмшілiгi);
Қазақстан Республикасының Үкiметiне (бұдан әрі – Үкiмет);
орталық және жергілікті атқарушы органдарға, жергілiктi өкiлдi органдарға;
Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға беріледi.
- Президент Әкiмшілiгi, Үкiмет және мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган толық көлемде немесе меншiктiң мемлекеттік мониторингi мәнiне жатқызатын жекелеген мәселелер бойынша Ақпаратты алуға құқығы бар.
- Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар оларға қатысты акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және қатысу үлестерiн иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттiк басқару органының функцияларын жүзеге асыратын меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң объектілерi бойынша толық көлемде Ақпарат алуға құқығы бар.
- Жергілiктi өкiлдi органдар және жергілiктi атқарушы органдар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң объектілерiне қатысты Ақпаратты алуға құқығы бар.
- Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және қатысу үлестерiн иелену және пайдалану құқығын және/немесе меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң объектiсiне, сондай-ақ жеке меншiктегi меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң объектілерiне қатысты мемлекеттiк басқару органының функцияларын жүзеге асырмайтын орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар олардың құзыретiне жатқызатын мәселелердiң шегiнде Ақпаратты алуға құқығы бар.
- Президент Әкiмшiлiгiне және Үкiметке Ақпаратты Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, сондай-ақ Президент Әкiмшілiгiнiң және Үкiметтiң тапсырмаларымен көзделген жағдайларда Уәкiлеттi орган бередi.
- Орталық атқарушы органдарға, жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдарға және Қазақстан Республикасының Президентіне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға меншiктiң мемлекеттiк мониторингi ақпаратын тиiстi сұрау салудың негiзiнде уәкілеттi орган бередi.
- Ақпаратты беру:
1) Президент Әкiмшілiгiне және Үкiметке Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiмен көзделген мерзімде, сондай-ақ Президент Әкiмшілiгiнiң және Yкiметтiң тапсырмаларымен көзделген мерзiмде;
2) орталық атқарушы органдарға, жергілiкті өкілдi және атқарушы органдарға және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдарға уәкілеттi орган айқындайтын, бiрақ сұрау салуды алған күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады.
- Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органдардың меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң электрондық дерекқорына қол жеткiзуi осы Ереженiң 4,5,6 және 7-тармақтарында белгіленген көлемде айқындалады.
- Меншiктiң мемлекеттік мониторингiнiң электрондық дерекқорына қол жеткiзудi жүргiзу мен қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды Уәкілетті органмен жүзеге асырылады.