«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдардың қаржылық қызметтердi сатып алуының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдардың қаржылық қызметтердi сатып алуының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңның  9-бабының 9) тармақшасына сәйкес және шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакеті мемлекетке тиесілi ұйымдардың иелiгiнде бар уақытша бос ақша қалдығын тиiмдi пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының, оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарға - оны ұйымдастыру үшiн заңнамаға сәйкес иелігінде бар ақшаны мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру құқығы бар (ұлттық басқарушы холдингтерді қоспағанда), ұйымдар үшiн 50 (елу) пайызға дейiн;

Ақшаны осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру көлеміне шектеулердің күші орталық контрагенттің қатысуымен ұйымдастырылған нарықта жасалған «кері РЕПО» операцияларының нысанасы ретінде Ұйымдар сатып алған бағалы қағаздарға қолданылмайды;»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Екiншi деңгейдегі банктердiң депозиттерiне орналастыруды қамтамасыз етсiн. Ұйымдар заңнамада белгiленген тәртіппен кемiнде 3 (үш) екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттерде уақытша бос ақшаны орналастырады. Олардың әрқайсысында оның сомасы уақытша бос ақша мөлшерiнiң 30 (отыз) пайызынан аспайды.

5000 (бес мың) айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшердегi уақытша бос ақша екiншi деңгейдегі банктiң бiреуiнде депозитке орналастырылады;»;.

мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

11) клирингтік қатысу сертификаттары.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі                                                             Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасының

  • Премьер-Министрі
  • Ә.А. Смайыловқа

 

 

«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдардың қаржылық қызметтердi сатып
алуының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

  1. 1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының           77-1 бабының 3-1 тармағына сәйкес орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымға клирингтік қатысу сертификаттарын шығару құқығы берілді.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисап, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар
  • Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтиже мерзімі

Жобаны қабылдау қамтамасыз етуді тиімді басқаруға, мүліктік пулға енгізілген активтерге меншік құқығын сақтауды, есепке алу және мәмілелерді сүйемелдеу жүйесін жетілдіруге, инвестициялаудың лимитттерін ішкі бұзу қаупінсіз ақша нарығында еркін өтімділікті орналастыруға мүмкіндік береді, бұл ұйымдардың қаржылық жағдайын нығайтуға  және жақсартуға әкеледі.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және олардың іске асырылу нәтижесі туралы мәліметтер

Енгізілген өзгерістерімен бірге «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдардың қаржылық қызметтердi сатып алуының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
14 қыркүйектегі № 960 қаулысы.

7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

  • Талап етілмейді.
  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің
    2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі
  • Рұқсат етіледі.
  1. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт көлемі)
  • Жоба ______________ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (www.gov.kz) және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz) (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі файлдар – 160 КБ) орналастырылған.
  1. 11. Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат
  • Талап етілмейді.
  1. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
  • Сәйкес келеді.
  1. Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисап нәтижесі
  • Талап етілмейді.
  1. Қазақстан Республикасы Үлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі

Жоқ.

  1. Мемлекеттік органда қоғамдық кеңесті құру «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген жағдайды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                20-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік қаржы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің ұсынымдарды ұсынбағанына байланысты Жоба ескертусіз келісілді деп есептеледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің                                             

орынбасары – Қаржы министрі                                                Е. Жамаубаев

                                                       

 

 

 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

 

№

Құқықтың актінің құрылымдық элементі

Қазіргі редакциясы

 

 

 

Ұсынылатын редакция

    Негіздеме:

1) түзетудің мәні;
2) енгізілетін әрбір түзетудің дәлелді негіздемесі;
3) тиісті құқықтық актіге сілтеме, тапсырмалардың (бар болса) нөмірі, күні.

 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысы

1.

кіріспе

«Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңның  9-бабының 8) тармақшасына сәйкес және шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакеті мемлекетке тиесілi ұйымдардың иелiгiнде бар уақытша бос ақша қалдығын тиiмдi пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңның  9-бабының 9) тармақшасына сәйкес және шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакеті мемлекетке тиесілi ұйымдардың иелiгiнде бар уақытша бос ақша қалдығын тиiмдi пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9) бабының 9) тармақшасына сәйкес мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды тұжырымдайды және жүзеге асырады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының заңының 25) бабының 5) тармақшасына сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде олардың тіркелген нөмірлерін, сондай-ақ қабылданған күндерін көрсету талап етілмейді.

2.

1-тармақтың
1) тармақшасы

 

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылғаны - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің иелігіндегі ақшаны осы мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға құқығы бар ұйымдар үшін 10 (он) пайызға дейін.

 

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылғаны - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің иелігіндегі ақшаны осы мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға құқығы бар (ұлттық басқарушы холдингтерді қоспағанда), ұйымдар үшiн 50 (елу) пайызға дейiн.
Ақшаны осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру көлеміне шектеулердің күші орталық контрагенттің қатысуымен ұйымдастырылған нарықта жасалған «кері РЕПО» операцияларының мәні ретінде ұйымдар сатып алған бағалы қағаздарға қолданылмайды;

 

Тәуекелдерге және кірістілікке өлшенген уақытша бос ақшаны инвестициялау стратегиясын ұстана отырып, мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға арналған лимиттің 50% - ға дейінгі мөлшері қаржылық тәуекелдер тұрғысынан Ұйымдардың инвестициялық портфелін неғұрлым оңтайлы әртараптандыруды қамтамасыз етеді.

Ұлттық басқарушы холдингтер тартылған қаражат бойынша пайыздық төлемдерді жабу үшін, сондай-ақ жалпы және әкімшілік шығыстарды жабу үшін сыйақы алу мақсатында, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырады және оларды игеру мерзіміне дейін уақытша бос ақша қаражатын мемлекеттік бағалы қағаздарға кепілімен РЕПО,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ноттары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің облигациялары секілді жоғары өтімді қысқа мерзімді қаржы құралдарына орналастыруы тиіс.

Мемлекеттік ұйымдар теңгелік өтімділікті қаржы құралдарына қысқа мерзімді инвестициялау (орналастыру) кезінде уақытша бос ақшалай қаражатты орналастыру үшін неғұрлым жоғары өтімді құралы қоржыны бар кері репо операциясы болып табылады.   

3.

1-тармақтың
10) тармақшасы

 

10) екiншi деңгейдегі банктердiң депозиттерiне орналастыруды қамтамасыз етсiн. Ұйымдар заңнамада белгiленген тәртіппен кемiнде 3 (үш) екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттерде уақытша бос ақшаны орналастырады. Олардың әрқайсысында депозит сомасы уақытша бос ақша мөлшерiнiң 30 (отыз) пайызынан аспауы тиiс.

Уақытша бос ақша қарыз алушылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) қатысатын екінші деңгейдегі банктерге орналастырылған жағдайда, екінші деңгейдегі банкті таңдау оның кәсіпорындарды сауықтыруға қатысуының Сауықтыру жөніндегі кеңес ұсынымдарына сәйкес айқындалатын дәрежесін ескере отырып жүзеге асырылады.
      5000 (бес мың) айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшердегi уақытша бос ақша екiншi деңгейдегі банктiң бiреуiнде депозитке орналастырылуы мүмкiн.

10) екiншi деңгейдегі банктердiң депозиттерiне орналастыруды қамтамасыз етсiн. Ұйымдар заңнамада белгiленген тәртіппен кемiнде 3 (үш) екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттерде уақытша бос ақшаны орналастырады. Олардың әрқайсысында оның сомасы уақытша бос ақша мөлшерiнiң 30 (отыз) пайызынан аспайды.

Алып тасталсын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5000 (бес мың) айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшердегi уақытша бос ақша екiншi деңгейдегі банктiң бiреуiнде депозитке орналастырылады

«Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 Қаулысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 1182 қаулысымен күші жойылды.

 

 

 

Редакциялық түзетулер

4.

1-тармақтың

11) тармақшасы

11) жоқ

11) клирингтік қатысу сертификаттары.

 

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының           77-1 бабының 3-1 тармағына сәйкес орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымға клирингтік қатысу сертификаттарын шығару құқығы берілді.

 

 

 

Қаржы вице-министрі                                                                                Д.О. Темірбеков

Дата публикации
05 мая 2023