«Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 маусымдағы № 776 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметінің
    1999 жылғы 16 маусымдағы № 776 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

   

    Қазақстан Республикасының

             Премьер-Министрі                                               Ә. Смайылов

 

 

 

Қазақстан Республикасы 
     Үкiметiнiң        
2023 жылғы  ____________
№ ________ қаулысына     
қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

1999 жылғы 16 маусымдағы

№ 776 қаулысына

қосымша

 

 

Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамы

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары,төраға

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму
вице-министрі, төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылымы бас басқармасының бастығы, хатшы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары

 Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ресей, Кавказ және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Еуропа елдері департаменті директорының орынбасары

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Атырау облысы әкімінің орынбасары

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

 

 

«Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 маусымдағы № 776 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

Жобаны қабылдау үшін Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдау жөніндегі бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамын өзектендіру негіз болып табылады.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Жобаның мақсаты «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабында белгіленген мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздеріне сәйкес келтіру болып табылады, оған сәйкес тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

Осыған байланысты бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігінің төрағасы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес қорғаныс саласындағы тиісті саланың уәкілетті органының функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің лауазымды адамы болуға тиіс. Бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігі төрағасының орынбасары «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы тиісті саланың уәкілетті органының функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды адамы болуға тиіс.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

Енгізілген өзгерістерімен «Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 маусымдағы № 776 қаулысы.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Талап етілмейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат.

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің
    2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі.

Рұқсат етіледі.

  1. Жобаның мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт көлемі).

Жоба 2023 жылғы 3 мамырда мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған.

Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды, сондықтан Жобаға қатысты реттеушілік әсерді талдау жүргізілмейді. Осыған байланысты Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) орналастырылмаған.

  1. Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы ақпарат.

Жобаға баспасөз релизі мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында 2023 жылғы 3 мамырда орналастырылды.

  1. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді.

  1. Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестері мүшелерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесі.

Талап етілмейді.

  1. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі.

Талап етілмейді.

 

 

Премьер-Министрінің

орынбасары–

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі                                                             
Е. Жамаубаев

 

 

 

«Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999  жылғы 16 маусымдағы № 776 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына  САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

 

Р/с

№

Құқықтың актінің құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын  редакция

Негіздеме:

1) түзетудің мәні;

2) енгізілетін әрбір түзетудің дәлелді негіздемесі;

3) тиісті құқықтық актіге сілтеме, тапсырмалардың (бар болса) нөмірі, күні

1

2

3

4

5

Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде

бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамы

1.

бірінші жол

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі,
төраға

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, төраға

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – заң) белгіленген мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздеріне, атап айтқанда 15-бапқа сәйкес келтіру мақсатында, оған сәйкес тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті орган) жүзеге асырады.

Осыған байланысты Ресей Федерациясы жалға алған Қазақстан Республикасының сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдауды көздейтін бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігіне төрағалық етуді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының
22-бабына сәйкес қорғаныс саласындағы тиісті саланың уәкілетті органы ретіндегі құзыретіне сүйене отырып, оның ішінде Сары-Шаған сынақ полигонын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының (бұдан әрі - 929 МҰСО) және Ресей Федерациясының 4 мемлекеттік орталық полигонының (бұдан әрі - 4 МОП) объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау және пайдалану шарттары туралы халықаралық шарттар шеңберінде халықаралық әскери ынтымақтастықты жүзеге асыратын осы министрліктің лауазымды адамы жүзеге асыруы тиіс.

 

 

 

 

Сондай-ақ  Әкімшілік  рәсімдік-процестік  кодекстің  41-бабының 3-тармағына қайшы келуді болдырмау мақсатында, оған сәйкес мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында оларда көзделмеген функцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.

Қазақстан   Республикасы  Қаржы   министрлігі            (бұдан әрі - Қаржымині) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қаржымині туралы ережеге сәйкес Ресей Федерациясы жалға алатын Қазақстан Республикасының сынақ полигондарының құрамынан әскери мүлікті қабылдау жөніндегі функцияларды жүзеге асырмайды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігін басқаруы қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді.

2.

екінші жол

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары,
төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму
вице-министрі
,
төрағаның орынбасары

Заңның 15-бабында белгіленген мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздеріне сәйкес келтіру мақсатында.

«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы»  Қазақстан  Республикасы Заңының           6 – бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - ИИДМ) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде пайдаланылмайтын мүлікке билік етеді.

Осыған байланысты ИИДМ 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану және жалға алу және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы Келісімнің 19-бабында көрсетілген пайдаланудың белгіленген амортизациялық мерзімдерін өтеген және есептен шығаруға жататын жылжымалы және жылжымайтын жалға алынған мүлікке билік етуге уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады (осыған ұқсас норма МҰСО   келісімінің 5-бабында  және  4 МОП  келісімінің  5-бабында көзделген).

Баяндалғанды ескере отырып, ИИДМ лауазымды адамын қазақстандық бөлігі төрағасының орынбасары ретінде қосу қажет деп санаймыз.

3.

үшінші жол

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің  Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары,
төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің

Әскери инфрақұрылымы бас басқармасының бастығы, хатшы

 

Заңның 15-бабында белгіленген мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздеріне сәйкес келтіру мақсатында.

Салыстырмалы кестенің 1-тармағы бойынша келтірілген негіздемені ескере отырып, бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігінің хатшысы етіп Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери инфрақұрылымы бас басқармасының бастығы атынан бірлескен комиссияның отырыстарына ҚМ көрсетілген лауазымды адамының қатысуын ескере отырып және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарын бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігінің төрағасы ретінде айқындаумен ҚМ лауазымды адамын айқындау орынды.

4

төртінші жол

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін мүліктік жалға беруді ұйымдастыру және пайдалану басқармасының басшысы,
хатшы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің  Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары

Қаржыминінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - ММЖК) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығымен бекітілген  ол туралы Ережеде және Заңның 14-бабында белгіленген мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік мүлкін басқаруды жүзеге асырады.

Бұл ретте Заңның 15-бабына сәйкес тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқарудың мемлекеттік саясатын іске асыруды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

ММЖК құзыретінде қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және  мемлекеттік  қорғаныс  тапсырысы  саласындағы мемлекеттік мүлікті басқарудың мемлекеттік саясатын іске асыру көзделмеген.

Осыған байланысты ММЖК лауазымды адамдары бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігіне төрағаның орынбасары және хатшы ретінде қатысуға құқылы емес.

Бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігінің мүшесі ретінде ММЖК төрағасының орынбасарын қосуды ұсынамыз.

5

бесінші жол

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Редакциялық өңдеу.

«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 65-П бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында.

Лауазымды адамның кандидатурасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 04-28/18910 хатымен ұсынылған.

6

алтыншы жол

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары

Редакциялық өңдеу.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық      даму      министрінің   2019  жылғы  30 қаңтардағы № 55 бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында.

7

жетінші жол

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары

Редакциялық өңдеу.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2016 жылғы  26  мамырдағы  № 236 бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында.

Лауазымды адамның кандидатурасы Қазақстан Республикасы   Ауыл    шаруашылығы   министрлігінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 19-1-18/24441 хатымен ұсынылған.

8

сегізінші жол

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
департаменті директорының  орынбасары

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі Ресей, Кавказ және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Еуропа  елдері
департаменті директорының орынбасары

Редакциялық өңдеу.

Лауазымды адамның кандидатурасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің  2022  жылғы 10 қазандағы № 1-20/66923 хатымен ұсынылған.

9

тоғызыншы жол

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры

жою

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық   емес    акционерлік    қоғамы    болып  (бұдан әрі – КЕАҚ) қайта құрылған.

КЕАҚ-ның қызметі Ресей Федерациясы жалға алған Қазақстан Республикасының сынақ полигондарының құрамынан әскери мүлікті қабылдау мәселелерін қараумен байланысты емес.

10

оныншы жол

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Өзгеріссіз.

 

11

он бірінші жол

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Өзгеріссіз.

12

он екінші жол

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

Өзгеріссіз.

13

он үшінші жол

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Өзгеріссіз.

14

он төртінші жол

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Өзгеріссіз.

15

он бесінші жол

Атырау облысы әкімінің орынбасары

Атырау облысы әкімінің орынбасары

Өзгеріссіз.

16

он алтыншы жол

жоқ

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары

Аумағында Сарыағаш полигонының бір бөлігі орналасқан Ұлытау облысы әкімдігінің лауазымды адамын қосу мақсатында.

Ұлытау облысы «Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 744 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының шекарасын өзгерту нәтижесінде құрылды.

 

            Қазақстан Республикасының

               Қаржы вице-министрі                                                                                                                                                Д. Темірбеков

 

Дата публикации
03 мая 2023