«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Лауазымы Аты-жөні
|
бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бағдарламалық қамтылым – бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – коммуналдық (облыстық, аудандық) меншікке билік етуге әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;
3) мемлекеттік мүлік – республикалық және коммуналдық мүлік;
4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – жеке тұлғалар) – мемлекеттік меншікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартын және (немесе) мемлекеттік меншікті сенімгерлікпен басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар;
5) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын заңды тұлғалар (бұдан әрі – заңды тұлғалар) – мемлекеттік меншікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартын және (немесе) мемлекеттік меншікті сенімгерлікпен басқару шартын жасасқан заңды тұлғалар;
6) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқығын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты – жалға беруші жалға алушыға мемлекеттік меншікті ақы үшін уақытша иелену мен пайдалануға беруге міндеттенетін жазбаша нысанда жасалатын мәміле;
8) мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты – егер шартта немесе заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, сенімгер басқарушы өзіне иеленуге, пайдалануға және билік етуге берілген мемлекеттік мүлікті пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға міндеттенетін жазбаша нысанда жасалған мәміле;
9) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервтің мүлкін қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі.
1) мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепке;
2) мемлекеттік меншікпен байланысты қаржылық қызмет туралы есепке бөлінеді.
2-тарау. Мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептерді беру тәртібі мен мерзімдері
1) мемлекеттік мүлікті қосымша жалдау;
2) мемлекеттік мүлікті кепілге беру;
3) үшінші тұлғалардың мемлекеттік мүлікті жақсартулар жүргізуі;
4) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару жөніндегі мәмілелер бойынша есеп береді.
1) мәміле түрі (қосымша жалдау, кепіл, жақсартулар жүргізу, иеліктен шығару);
2) мәміле деректемелері (шарттың нөмірі мен күні, мәмілені орындау мерзімі, мәміле тараптары, мәміледе көзделген төлемдерді төлеу шарттары немесе енгізу тәртібі);
3) мәміле нысанасы болып табылатын мемлекеттік мүліктің сипаттамасы мен құны.
Есеп мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның мемлекеттік мүліктің тиімді пайдаланылуын бақылау мақсатында беріледі.
Мемлекеттік мүлікті басқару
жөніндегі функцияларды
орындауға қатысатын жеке
және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік
сипаттағы барлық мәмілелер және
қаржылық қызмет туралы есептер
беруінің қағидалары мен мерзімдеріне
қосымша
Нысан
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және (немесе) заңды тұлғаның мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есебі
|
№ |
Мәміле түрі (қосымша жалдау, кепіл, жақсартулар жүргізу, иеліктен шығару) |
Мәміле деректемелері |
Мәміле нысанасы болып табылатын мемлекеттік мүліктің сипаттамасы мен құны |
|||
|
шарттың нөмірі мен күні |
мәміле тараптары |
мәмілені орындау мерзімдері |
мәміледе көзделген төлемдерді төлеу шарттары немесе енгізу тәртібі |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|