«Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысына өзгеріс енгізу және «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 776 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
    28 наурыздағы № 146 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесінің құрамына:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін Директорлар кеңесінің төрағасы етіп;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарын Директорлар кеңесінің мүшесі етіп;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрін Директорлар кеңесінің мүшесі етіп;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрін Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлауды қамтамасыз ету ұсынылсын.».

  1. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
    21 қазандағы № 776 қаулысының күші жойылды деп танылсын.».
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 Қазақстан Республикасының

             Премьер-Министрі                                                             Ә. Смайылов

 

«Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысына өзгеріс енгізу және «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 21 қазандағы № 776 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

р/с №

 

Құқықтың актінің құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

 

Негіздеме

 

1

2

3

4

5

«Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысы

1.

1-тармақ

1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне заңнамада белгiленген тәртiппен «Қазақстандық инвестициялық даму қоры (ҚИДФ) басқарушы компаниясы» ЖШС директорлар кеңесiнiң құрамына:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайыловты төраға етіп;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярды;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіні;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевты сайлау ұсынылсын.

1.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесінің құрамына:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін Директорлар кеңесінің төрағасы етіп;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарын Директорлар кеңесінің мүшесі етіп;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрін Директорлар кеңесінің мүшесі етіп;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрін Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 162 Жарлығына сәйкес М.Ә. Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Бұл ретте, Үкімет құрамында жаңа тағайындаулар кезінде  «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысына жиі өзгерістер енгізуді болдырмау мақсатында Директорлар кеңесінің деребес құрамын лауазымдық құрамға өзгерту ұсынылады. 

           

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

 

 

«Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысына өзгеріс енгізу және «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 21 қазандағы № 776 қаулысының күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

Үкімет құрамында жаңа тағайындаулар кезінде «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысына жиі өзгерістер енгізуді болдырмау мақсатында.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
21 қазандағы № 776 «Қазақстанның инвестициялық даму қоры (ҚИДФ) басқарушы компаниясы» ЖШС директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қаулысымен қайталауды болдырмау мақсатында ұқсас атқа ие.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

  1. Нақты мақсаттары мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

«Қазақстандық инвестициялық даму қоры (ҚИДФ) басқарушы компаниясы» ЖШС Директорлар кеңесінің қызметі қамтамасыз етіледі. уақтылы корпоративтік шешімдер қабылдау.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.
  2. «М.Ә. Нұртілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
    2023 жылғы 3 сәуірдегі № 162 Жарлығы.
  3. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысы.
  4. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 776 қаулысы.
  5. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Жоқ.

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат.

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің
    2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген
    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі.

Рұқсат етіледі.

  1. Жобаның мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт көлемі).

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (2023 жылғы 25 сәуірдегі, 137 907 байт), бұл ретте жоба нормативтік құқықтық акті болып табылмайтындықтан, оны (http://legalaсts.egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру талап етілмейді.

  1. 11. Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы ақпарат.

Талап етілмейді.

  1. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді.

  1. Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестері мүшелерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесі.

Талап етілмейді.

  1. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі.

Талап етілмейді.

 

 

         Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Қаржы министрі                                                                Е. Жамаубаев

 

 

Дата публикации
25 апреля 2023