Мемлекеттік қызмет көрсетудің 2022 жыл бойынша есебі

ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде:

1) «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»;

2) «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру».

2023 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша электрондық түрде
307 746 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ең көп «Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар) мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсетілді – 271 521.

Комитеттің есептік кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету кезеңінің (уақытының) бұзылуы болған жоқ.

Комитетке қызмет көрсеткеніне заңды және жеке тұлғалардан шағым түскен жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 марта 2023