«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қормен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының
орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін газбен жабдықтау объектілерінің тізбесі
|
№
|
Мүлік атауы
|
Орналасқан жері (көше, ауыл, аудан, қала)
|
Кадастрлық
нөмірі
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1
|
Жалпы алаңы 29 352, 9 шаршы метрді құрайтын әкімшілік ғимарат
|
Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейханов көшесі, 12
|
21:320:128:598:12/А
|
|
2
|
Жалпы алаңы 154 шаршы метрді құрайтын электр-тарату пункті
|
Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейханов көшесі, 12
|
21:320:128:598:12/Б
|
____________________
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ә.А. Смайыловқа
|
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасының
Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
- Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.
1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 9) тармақшасына;
2) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабының 1-тармағына;
3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың 2022 жылғы 24 қыркүйектегі № 17-08/4696 тапсырмасына сәйкес.
- Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
- Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар теріс әсер етпейді.
- Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.
Енгізілетін жобаны әзірлеудің мақсаты газбен қамту объектілердің сақталуы, үздіксіздігі, қауіпсіздігі мен тиімділігі және Түркістан облысы тұрғындарының қажеттіліктерін газбен үздіксіз қамтамасыз ету болып табылады.
- Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.
Жоқ.
- Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.
Талап етілмейді.
- Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат.
Халықаралық шарт болып табылмайды.
- Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі.
Рұқсат етіледі.
- Жобаның мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт көлемі).
Жоба 2023 жылғы 16 наурызда мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде 115 кб) орналасқан.
- Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы ақпарат.
Талап етілмейді.
- Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Сәйкес келеді.
- Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.
Талап етілмейді.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестері мүшелерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесі.
Талап етілмейді.
- «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қаржы министрі Е. Жамаубаев