2023 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі Д.О. Темірбеков және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Қ.Ж. Мырзахметов Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Г.Р. Суентаева және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің аумақтық мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.
Дәурен Темірбеков және Қайрат Мырзахметов Қазақстандағы жекешелендірудің тарихы, ірі ұлттық компаниялардың IPO-сын жекешелендіру және өткізу арқылы экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен шығару міндеттер туралы және 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру туралы баяндады.
Кездесуге қатысушылар мемлекеттік мүлікті жалға алу және жекешелендіру рәсімдеріне қатысты сұрақтар қойды.
Кездесу барысында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылды, азаматтарды жеке қабылдау және "Бірыңғай теңгерім ұстаушы" жобасын талқылау бойынша Министрліктің аумақтық органдарының басшыларымен кеңес өткізілді.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Қаржы вице-министрі Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жекешелендірілген "Ақтөбе теміржол ауруханасы" ЖШС-де болды.