2022 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Мырзахметов Павлодар қаласы тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге Павлодар қаласы Қаржы басқармасының басшысы Ә.Қожанбаев, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ, облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және қала тұрғындары қатынасты.
Қ.Ж. Мырзахметов Қазақстандағы жекешелендірудің тарихы, жекешелендіру және ірі ұлттық компаниялардың IPO-сын өткізу арқылы экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен шығару міндеттер туралы және 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру туралы қысқаша баяндады.
Кездесуге қатысушылар мемлекеттік мүлікті жалға алу және жекешелендіру рәсімдеріне қатысты сұрақтар қойды.
Кездесуден кейін Қ. Ж. Мырзахметов баспасөз конференциясына қатысып, азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.