Вопросы от населения г. Семей
|
На государственном языке |
На русском языке |
|
1 Сұрақ: Мемлекеттік тізілімнің веб-порталында соңғы кездерде осы Семей қаласының республикалық меншіктегі нысандарын аз көреміз, соның жайын түсіндіріп берсеңіз. Жауап/шешу жолдары: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүліктік жалдауға мемлекеттік заңды тұлғалардың артық және пайданылмай тұрған мүлкі беріледі. Абай облысы құрылуына байланысты Семей қаласында республикалық орталық органдардың 30 аумақтық бөлімшелері құрылды. Оларды, мүмкіндігінше республикалық меншіктегі ғимараттарға орналастырып жатырмыз, тіпті кейбіреулеріне жеке тұлғалардың ғимараттарын жалға алуға мәжбүрміз. Осыған байланысты Семей қаласында республикалық меншіктегі ғимараттарда жалға берілетін артық үйжайлар жоқтың қасы. |
1 Вопрос: На веб-портале государственного реестра в последнее время немного объектов в городе Семей, находящихся в республиканской собственности, предлагаемых к передаче в имущественный наем. Чем это объясняется? Ответ/пути решения: По действующему законодательству в имущественный наем передаются излишнее и неиспользуемое имущество государственных юридических лиц. В связи с созданием области Абай в городе Семей образованы 30 территориальных подразделений центральных государственных органов. Они, по возможности, размещаются в зданиях республиканской собственности. В связи с этим, в городе Семей не имеются излишние помещения для предложения в имущественный наем.
|
|
1 Сұрақ: Қазіргі жағдайда Семей қаласында жеке тұлғалардың жалға беретін үйжайларының жалдауақысы біршама өсіп отыр. Осыған байланысты мемлекеттік мүліктен жалға беріліп отырған үйжайларының жалдауақысы өспей ма? Мемлекеттік үйжайларды жалдағанда жалдау ақысы қалай қалыптастырылады? Жауап/шешу жолдары: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік меншіктегі тұрғын емес үй-жайды жалға бергенде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі ғимараттың салыну үлгісіне, түріне, жайлылық дәрежесіне, аумақтық орналасуына, жалдаушы қызметінің түріне, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанына қарай қолданылатын коэффициенттердің мөлшерлері мен базалық мөлшерлемесі негізінде анықталады. Ол коэффициенттер тұрақты. Осы коэффициенттің ішінен тек 1 шаршы метрге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тәуелді. Яғни, ол базалық мөлшерлеме АЕК өзгергенде шамалы өзгеріп отырады.
|
2 Вопрос: В настоящее время в городе Семей несколько выросла арендная плата при аренде помещений у частных лиц. В связи с этим не будет ли расти арендная плата при имущественном найме помещений, государственной собственности? Как вообще формируется арендная плата при имущественном найме государственных помещений? Ответ/пути решения: Согласно действующего законодательства, а именно Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду), утвержденных приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 212 при предоставлении в имущественный наем (аренду) объектов государственного нежилого фонда, ставка годовой арендной платы определяется на основании базовых ставок и размеров применяемых коэффициентов, учитывающих тип строения, вид нежилого помещения, степень комфортности, территориальное расположение, вид деятельности нанимателя, организационно-правовую форму нанимателя. Эти коэффициенты постоянны. Из этих коээфициентов только размер базовой ставки арендной платы за 1 квадратный метр зависит от месячного расчетного показателя (МРП), установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий год. То есть данная ставка будет незначительно меняться при изменении МРП. |
|
3 Сұрақ: Мемлекеттік тізілімнің веб-порталында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, университеттердің мүліктерін жалға беру немесе жекешелендіру туралы хабарламалар берілетін. Қазір неге ондай хабарламалар веб-порталда жоқ? Жауап/шешу жолдары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік» туралы Заңына сәйкес мемлекеттік мүлікке мемлекеттік заңды тұлғаларға (мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар) бекітілген мүлік жатады. Оларды жалға беру мен сату мемлекеттік тізілімнің веб-порталында жүргізіледі. Ал Халыққа қызмет көрсету орталықтары қазіргі кезде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамның құрамында, қаладағы университеттер коммерциалық емес акционерлік қоғамдар болып табылады. Олардың мүлкін жалға беру немесе сату Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының негізінде және ол акционерлік қоғамдардың Жарғылары негізінде жүргізіледі. |
3 Вопрос: Раньше на веб-портале государственного реестра публиковались объявления об имущественном найме или продажи имущества Центров обслуживания населения (ЦОН-ы), государственных университетов. Почему сейчас такие объявления не публикуются на данном веб-портале? Ответ/пути решения: Согласно Закону Республики Казахстан «О государственном имуществе» государственным имуществом является имущество государственных юридических лиц (учреждения и предприяти). Аренда и продажа такого имущества проводятся через указанный веб-портал. На сегодняшний день Центры обслуживания населения входят в состав некоммерческого акционерного общества Государственная корпорация "Правительство для граждан", а городские университеты реорганизованы в некоммерческие акционерные общества. Передача в аренду или продажа их имущества проводятся на основе Закона Республики Казахстан «Об акционерных обществах» и устава этих акционерных обществ. |
|
4 Сұрақ: Мен электрондық сауда-саттықтың қатысушысымын. Мен мемлекет кірісіне тәркіленген автокөлікті аукционнан сатып алдым, қазір білдім, бұрынғы иесі көлікті қайтару үшін сотқа шағым түсіріп жатыр екен. Маған не істеу керек? Жауап/шешу жолдары: Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатылып кеткен жағдайда оның құнын өтеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
|
4 Вопрос: Я, участник электронных торгов. Купил на аукционе конфискованную в доход государства автомашину, теперь мне стало известно, что предыдущий владелец подает судебные иски о возврате автомашины. Как мне быть? Ответ/пути решения: В случае отмены (изменения в соответствующей части) судом акта, на основании которого имущество поступило в собственность государства, уполномоченным органом или местными исполнительными органами производится возврат имущества в натуре. В случае, если имущество было реализовано в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, производится возмещение его стоимости в пределах средств, полученных от его реализации, за счет средств соответствующего бюджета в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан. |
|
5 Сұрақ: Тәркіленген мүлікті сатып алу үшін аукционға қалай қатысуға болады? Жауап/шешу жолдары: Тәркіленген мүлікті одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» бұйрығы аясында жүзеге асырылады Сауда-саттыққа қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
|
5 Вопрос: Как можно принять участие в аукционе, чтобы приобрести конфискованное имущество? Ответ/пути решения: В соответствии с правилам реализации или использования имущества, арестованного на основании приговора суда по уголовному делу в части конфискации имущества либо на оновании решения о передаче имущества государству, утвержденными приказом Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года №227 Для участия в торгах необходимо предварительно зарегистрироваться на веб-портале реестра с указанием: 1) для физических лиц: индивидуального идентификационного номера (далее - ИИН), фамилии, имени и отчества (при его наличии); 2) для юридических лиц: бизнес-идентификационного номера (далее - БИН), полного наименования, фамилии, имени и отчества (при его наличии) первого руководителя; 3) реквизитов расчетного счета в банке второго уровня для возврата гарантийного взноса; 4) контактных данных (почтовый адрес, телефон, факс, e-mail). При изменении вышеуказанных данных участник в течение одного рабочего дня изменяет данные, внесенные на веб-портале реестра. Для регистрации в качестве участника аукциона необходимо на веб-портале реестра зарегистрировать заявку по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам, подписанную ЭЦП участника. |