Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының Орынбасары Қ. Ж. Мырзахметов Абай облысы тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде Комитет төрағасының орынбасары Қ. Ж. Мырзахметов Қазақстандағы жекешелендірудің тарихы, ірі ұлттық компаниялардың IPO-сын жекешелендіру және өткізу арқылы экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен шығару міндеттер туралы және 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру туралы қысқаша баяндады.
Кездесуге қатысушылар мемлекеттік мүлікті жалға алу және жекешелендіру рәсімдеріне қатысты сұрақтар қойды.
Кездесуден кейін Қ. Ж. Мырзахметов баспасөз конференциясына қатысып, азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.