«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 122-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан және шетелдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ә.А. Смайыловқа
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
кейбiр мәселелерi туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
- Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері.
Жоба «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 122-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.
- Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисап, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).
Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
- Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
- Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.
Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан және шетелдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару жөніндегі уәкілетті орган етіп айқындауға мүмкіндік береді.
- Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және олардың іске асырылу нәтижесі туралы мәліметтер.
Жоқ
- Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы
Талап етілмейді.
- Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат.
Халықаралық шарт болып табылмайды.
- Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі
Рұқсат етіледі.
- Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт көлемі)
Жоба 2023 жылғы 14 ақпанда мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған (файлдар мемлекеттік және орыс тілдерінде - 96 346 байт).
Жоба нормативтік құқықтық акт болып табылмайды, осыған байланысты ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру талап етілмейді.
- Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат.
Талап етілмейді.
- Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Сәйкес келеді.
- Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисап нәтижесілері.
Талап етілмейді.
- Қазақстан Республикасы Үлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестері мүшелерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесі.
Талап етілмейді.
- «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңесті құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қаржы министрі Е. Жамаубаев