«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

преамбула мынандай редация жазылсын:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 196-бабынынң 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:

10-тармақтың екінші бөлігі мынандай редацияда жазылсын:

«Облыстық және аудандық уәкілетті органдар, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі жөніндегі уәкілетті орган мониторинг объектілерін зерттеу, ақпарат жинау және талдау, ұсыныстарды пысықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуелсіз сарапшыларды тартады.»;

14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мониторингті жүзеге асыру үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, оның ішінде құқық қорғау органдарының (прокуратура, қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органдар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қатысуымен олар қорытынды бере отырып, техникалық тапсырма әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құрады;».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

               Премьер-Министрі                                                            Ә. Смайылов

 

       

«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

 

р/с

№

Құқықтың актінің құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме:

1) түзетудің мәні;
2) енгізілетін әрбір түзетудің дәлелді негіздемесі;
3) тиісті құқықтық актіге сілтеме, тапсырмалардың (бар болса) нөмірі, күні.

Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың

басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

1.

кіріспе

           Мемлекеттік мүлік туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 196-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 196-бабынынң 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде олар тіркелген нөмірлерді, сондай-ақ оларды қабылдау күндерін көрсету талап етілмейді.

Осыған байланысты кіріспе осы нормаға сәйкес келтіріледі.

2.

10-тармақтың екінші бөлігі

Облыстық және аудандық уәкілетті органдар, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі жөніндегі уәкілетті орган мониторинг объектілерін зерттеу, ақпарат жинау және талдау, ұсыныстарды пысықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуелсіз сарапшыларды тартады.

 

Облыстық және аудандық уәкілетті органдар, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі жөніндегі уәкілетті орган мониторинг объектілерін зерттеу, ақпарат жинау және талдау, ұсыныстарды пысықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуелсіз сарапшыларды тартады.

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде олар тіркелген нөмірлерді, сондай-ақ оларды қабылдау күндерін көрсету талап етілмейді.

Осыған байланысты 10-тармақтың екінші бөлігі осы нормаға сәйкес келтіріледі.

3.

14-тармақ -тың

3) тармақ -шасы

3) мониторингті жүзеге асыру үшін мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен техникалық тапсырма әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құрады;

3) мониторингті жүзеге асыру үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, оның ішінде құқық қорғау органдарының (прокуратура, қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органдар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қатысуымен олар қорытынды бере отырып техникалық тапсырма әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құрады;

Қазақстан Республикасы Бас прокуратура 24.11.2022 жылғы №2-01-22-02812-қбпү және 13.01.2023 жылғы №2-01-23-00119-қбпү хаттарымен (Ойы жою бұзушылықтар заңдылық, себептері мен шарттары қойлалы), қатысуымен олар қорытынды бере отырып техникалық тапсырма әзірлеу жөнінде ведомствоаралық коммуналдық меншікке жөніндегі комиссияның құрамынаенгізу сондай-ақ олардың қорытындысын беру туралы ұсыныстар берілді.

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

 

 

«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың

және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың

басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын

 бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының

Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратура 24.11.2022 жылғы №2-01-22-02812-қбпү; 13.01.2023 жылғы №2-01-23-00119-қбпү хаттарымен (Ойы жою бұзушылықтар заңдылық, себептері мен шарттары қойлалы), қаулы жобасына құқық қорғау (прокуратура, қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органдар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қатысуымен олар қорытынды бере отырып техникалық тапсырма әзірлеу жөнінде ведомствоаралық коммуналдық меншікке жөніндегі комиссияның құрамынаенгізу сондай-ақ олардың қорытындысын беру туралы ұсыныстар берілді.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисап, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жобаны қабылдау қаржылық шығындарға әкелмейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері.

Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқарумен байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтиже мерзімі.

Енгізілген түзетудің мақсаты ведомствалық комиссияның құрамын құқық қорғау (прокуратура, қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органдар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) органдарының өкілдерін қосу арқалы кеңейту болып табылады.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және олардың іске асырылу нәтижесі туралы мәліметтер.

Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 Қаулысы.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Талап етілмейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат.

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі.

Рұқсат етіледі.

  1. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт көлемі).

Жоба 2023 жылғы ___ қаңтарда мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде _кб, есеп қоса беріледі) орналасқан.

  1. Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат.

Қаулы жобасына баспасөз-релизі 2023 жылғы ___қаңтарда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылған.

  1. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді.

  1. Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисап нәтижесі.

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестері мүшелерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесі.

Талап етілмейді.

  1. Мемлекеттік органда қоғамдық кеңесті құру «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген жағдайды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі.

Талап етілмейді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Қаржы министрі                                                                             Е. Жамаубаев

 

 

Дата публикации
08 февраля 2023