Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының
27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқығын беру тәртібі»;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Ақша түріндегі мүлік бюджеттің кірісіне немесе Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына есептеледі. Шетел валютасы осы Қағиданың 7-тармағында көзделген шешім қабылданған күні не меншік иесінің болашақта мүлік құқығын мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын шартта белгіленген беру күні айқындалған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша тиісті бюджеттің кірісіне немесе Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына есептеледі.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Сыйға тарту шарты бойынша болашақта мемлекетке мүлік құқығын беру тәртібінің ерекшеліктері».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
«Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
Р/с№ |
Құқықтық актінің құрылымдық элементі |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме: 3) тиісті құқықтық актіге сілтеме, тапсырмалардың (бар болса) нөмірі, күні. |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
«Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
|||||
|
1 |
преамбула |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының |
|
|
Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасы |
|||||
|
2 |
1-тараудың тақырыбы |
1. Жалпы ережелер
|
1-тарау. Жалпы ережелер
|
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының |
|
|
2 |
2-тараудың тақырыбы |
2. Сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқығын беру тәртібі
|
2-тарау. Сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқығын беру тәртібі |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердегi тарау, параграф, бөлім, кiшi бөлiм тиiсiнше «тарау», «параграф», «бөлім», «кiшi бөлiм» деген сөздермен белгiленедi. Осыған байланысты тараудың тақырыбын өзгертумен байланысты түзетулерді көздеу қажет. |
|
|
1 |
15-тармақтың бірінші бөлігі |
15. Ақша түріндегі мүлік тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі. Шетел валютасы осы Қағиданың 7-тармағында көзделген шешім қабылданған күні не меншік иесінің болашақта мүлік құқығын мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын шартта белгіленген беру күні айқындалған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
|
15. Ақша түріндегі мүлік бюджеттің кірісіне немесе Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына есептеледі. Шетел валютасы осы Қағиданың 7-тармағында көзделген шешім қабылданған күні не меншік иесінің болашақта мүлік құқығын мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын шартта белгіленген беру күні айқындалған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша тиісті бюджеттің кірісіне немесе Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына есептеледі. |
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-3-тармағына сәйкестілікке келтіру мақсатында, оған сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының мақсаттарына жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін ақша салықтық емес түсімдер болып табылады. |
|
|
2 |
3-тараудың тақырыбы |
3. Сыйға тарту шарты бойынша болашақта мемлекетке мүлік
|
3-тарау. Сыйға тарту шарты бойынша болашақта мемлекетке мүлік
|
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының |
|
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі Д. Темірбеков
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә.А. Смайыловқа
«Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.
Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы
13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының
2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық
іс-шаралар жоспарының 50-тармағын іске асыру үшін әзірленді, оның шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8-тарауы салықтық емес түсімдермен, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының мақсаттарына жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекет меншігіне өтеусіз берілетін ақшаны көздейтін 52-3-бабымен толықтырылды.
Жоба республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жобаның мақсаты Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының мақсаттарына жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке сыйға тарту шарты бойынша ақша қабылдау мүмкіндігін нормативтік-құқықтық актіде бекіту болып табылады.
Жоқ.
Талап етілмейді.
Халықаралық шарт болып табылмайды.
Рұқсат етіледі.
Жоба 2023 жылғы «_____»________ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, 2023 жылғы «_____»________ http://www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде ____ КБ, есеп қоса беріледі).
Жобаға баспасөз релизі мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында 2023 жылғы «_____»________ орналастырылды.
Сәйкес келеді.
Талап етілмейді.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес мүшелерінің ескертулері жоқ.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қаржы министрі Е. Жамаубаев