БҰЙЫРАМЫН:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индекс 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.»;
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне бірінші сатыдағы соттардың шешімдеріне апелляциялық шағым жасауға келісім береді;»;
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«48) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін әзірлеуге қатысу;»;
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«50) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді және ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін әзірлеуге қатысу;».
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң қарамағындағы аумақтық бөлiмшелердің тізбесінде:
16 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.».
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы Е. Біржанов
Согласовано
29.12.2022 10:51 Адильжанова Н. Т. ((и.о Сейтахметов М. И.))
29.12.2022 11:06 Ахметов Е.С. ((и.о Ташенев Б. Х.))
29.12.2022 11:19 Темирбеков Даурен Оденович
29.12.2022 15:24 Қалмырзаев Байкен Ерғалиұлы
30.12.2022 10:37 Шонов Асет Багдатович
30.12.2022 14:49 Бейсенбекұлы Абзал
Подписано
30.12.2022 14:53 Биржанов Е. Е. ((и.о Жамаубаев Е. К.))