1-тармақтың 15-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;».
көрсетілген бұйрыққа «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже» деген 3-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: 040700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, І. Жансүгіров көшесі, 86.».
көрсетілген бұйрыққа «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже» деген 15-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Астана қаласының аумағында өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару саласында басшылықты, республикалық мүлікке мемлекеттің құқықтарын іске асыруды, жекешелендіру мен экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады.
Департамент Астана қаласының аумағында туындаған мүліктік құқықтар мен міндеттер бойынша бөлу жолымен қайта ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Сарыарқа» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің құқықтық мирасқоры болып табылады.».
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, А. Жұбанов көшесі, 16.».
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі.».
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Әсет Найманбаев көшесі, 110.».
1) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдауды;
2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Төрағаның міндетін атқарушы Е. Ахметов
Согласовано
29.12.2022 11:41 Адильжанова Н. Т. ((и.о Сейтахметов М. И.))
29.12.2022 11:52 Копабаева Молдир Талгатовна
29.12.2022 11:53 Баймульдина Алия Ерболовна
Подписано
29.12.2022 11:55 Ахметов Е.С. ((и.о Ташенев Б. Х.))