Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «АЭС Өскемен ГЭС» және «АЭС Шүлбі ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттік қатысу үлестерін сату бойынша екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 37 қаулысы жойылсын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә.А.Смайыловқа
«АЭС Өскемен ГЭС» және «АЭС Шүлбі ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттік қатысу үлестерін сату бойынша екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы
9 ақпандағы № 37 қаулысын жою туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
- 1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері.
Жоба Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2022 жылғы
15 тамыздағы № 2-01-22-70703 жекелеген объектілерді жекешелендіруге қатысты хатына берген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 17-13/4296 тапсырмасын орындау үшін әзірленді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы
2 тамыздағы № 523 және 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 1033 қаулыларына сәйкес «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС жарғылық капиталындарындағы мемлекеттік қатысу үлестері Жекешелендірудің
2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарынан алынып тасталды және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ акцияларды төлеуге беруге жатады.
- Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисап, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
- Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
- Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтиже мерзімі.
Жобаны қабылдау «АЭС Өскемен ГЭС» және «АЭС Шүлбі ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттік қатысу үлестерін сату бойынша екі кезеңдік рәсімдер арқылы конкурс өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы
9 ақпандағы № 37 қаулысын жоюға мүмкіндік береді.
- Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және олардың іске асырылу нәтижесі туралы мәліметтер.
«АЭС Өскемен ГЭС» және «АЭС Шүлбі ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттік қатысу үлестерін сату бойынша екі кезеңдік рәсімдер арқылы конкурс өткізу туралы»
2021 жылғы 9 ақпандағы № 37, «Кейбір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестерін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру туралы» 2022 жылғы
20 желтоқсандағы № 1033 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы»
2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 және «Жекешелендірудің 2021 − 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 2 тамыздағы № 523 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары.
- Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.
Талап етілмейді.
- Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат.
Халықаралық шарт болып табылмайды.
- Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің
2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі.
Рұқсат етіледі.
- Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт көлемі).
Жоба 2022 жылғы 11 қантарда мемлекеттік органның интернет-ресурсында (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі файлдар - 95 КБ) орналастырылды.
Жоба нормативтік құқықтық акт болып табылмайды, осыған байланысты ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру талап етілмейді.
- Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат.
Талап етілмейді.
- Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Сәйкес келеді.
- Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисап нәтижесі.
Талап етілмейді.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі.
Талап етілмейді.
- Мемлекеттік органда қоғамдық кеңесті құру «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген жағдайды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі Е. Жамаубаев