БҰЙЫРАМЫН:
1) «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында:
2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) комиссиялық тапсырма – мүлік және тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;»;
12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджеттің немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының кірісіне аударады.»;
14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.»;
47-тармақтың 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініштің негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына үш жұмыс күні ішінде аударады;»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:
1) аванстық төлем мүліктің сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;
2) қалған сома тараптардың уағдаластығы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрілмей тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына енгiзiледі.»;
2) «Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 300 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11427 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 215-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 215-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу тәртібін бекітеді.»;
28- тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құндылықтарды бағалау қызметі бойынша өнім берушіні таңдау «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес іске асырылады.»;
35- тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен өткізілген құндылықтардың немесе сыныққа жатқызылған құндылықтардың құнын қайтару тиісті бюджеттің немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Мүлікті өткізуден түскен қаражат тиісті бюджеттің немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының кірісіне аударылады.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы «__» ________ № ______бұйрығының жобасына
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
Р/с № |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылып отырған редакция |
Негіздеме |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығымен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы |
||||
|
1. |
2-тармақтың 13) тармақшасы
|
13) комиссиялық тапсырма – мүлік және тиісті бюджетке аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома; |
13) комиссиялық тапсырма – мүлік және тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома; |
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорын құру бөлігінде «Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 213-тармағына түзетулер енгізілді. 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша Іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарының 50-тармағына сәйкес келтіру. |
|
2. |
12-тармақтың үшінші бөлігі |
12... Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі. |
12... Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі. |
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорын құру бөлігінде «Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 213-тармағына түзетулер енгізілді. 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша Іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарының 50-тармағына сәйкес келтіру. |
|
3. |
13-тармақ |
13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджеттің кірісіне аударады. |
13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджеттің немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының кірісіне аударады. |
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорын құру бөлігінде «Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 213-тармағына түзетулер енгізілді. 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша Іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарының 50-тармағына сәйкес келтіру. |
|
4. |
14-тармақтың бірінші бөлігі |
14. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.
|
14. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады. |
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорын құру бөлігінде «Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 213-тармағына түзетулер енгізілді. 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша Іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарының 50-тармағына сәйкес келтіру. |
|
5. |
47-тармақтың 2) тармақшасы |
47... 2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініштің негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тиісті бюджетке үш жұмыс күні ішінде аударады;
|
47... 2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініштің негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына үш жұмыс күні ішінде аударады; |
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорын құру бөлігінде «Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 213-тармағына түзетулер енгізілді. 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша Іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарының 50-тармағына сәйкес келтіру. |
|
6. |
53-тармақ |
53. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi: 1) аванстық төлем мүліктің сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде тиісті бюджетке енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi; 2) қалған сома тараптардың уағдаластығы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрілмей тиісті бюджетке енгiзiледі. |
53. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi: 1) аванстық төлем мүліктің сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi; 2) қалған сома тараптардың уағдаластығы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрілмей тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына енгiзiледі. |
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорын құру бөлігінде «Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 213-тармағына түзетулер енгізілді. 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша Іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарының 50-тармағына сәйкес келтіру. |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 300 бұйрығымен бекітілген Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидалары |
||||
|
7. |
кіріспе |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 215-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 215-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру. |
|
8. |
1-тармақ |
1. Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 215-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу тәртібін бекітеді. |
1. Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 215-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу тәртібін бекітеді. |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру. |
|
9. |
28- тармақтың үшінші бөлігі |
28… Құндылықтарды бағалау қызметі бойынша өнім берушіні таңдау «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес іске асырылады. |
28… Құндылықтарды бағалау қызметі бойынша өнім берушіні таңдау «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес іске асырылады. |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру. |
|
10. |
35- тармақтың үшінші бөлігі |
35... Уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен өткізілген құндылықтардың немесе сыныққа жатқызылған құндылықтардың құнын қайтару тиісті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. |
35... Уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен өткізілген құндылықтардың немесе сыныққа жатқызылған құндылықтардың құнын қайтару тиісті бюджеттің немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. |
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорын қалыптастыру және пайдалану бөлігінде «Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 94-бабына түзетулер енгізілді. |
|
11. |
46-тармақ |
46. Мүлікті өткізуден түскен қаражат тиісті бюджеттің кірісіне аударылады. |
46. Мүлікті өткізуден түскен қаражат тиісті бюджеттің немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорындың кірісіне аударылады. |