Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбiр мәселелерi туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                                  122-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі теңгеріміндегі және шетелдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітілген көлік құралдарын өткізуді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып белгіленсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша шетелдегі димпломатиялық қызмет органдарына бекітілген көлік құралдарын өткізу тәртібін әзірлесін және бекітсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                       Ә. Смайылов

 

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

 

 

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

кейбiр мәселелерi туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері

 Жоба «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 122-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисап, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтиже мерзімі

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі теңгеріміндегі және шетелдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітілген көлік құралдарын өткізуді жүзеге асыратын уәкілетті орган етіп айқындау болып  табылады.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және олардың іске асырылу нәтижесі туралы мәліметтер

Жоқ

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі»  ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі.

  1. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт көлемі)

Жоба 2022 жылғы «_____»________ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, 2022 жылғы «_____»________ http://www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде  ____ КБ, есеп қоса беріледі).

  1. Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат

Жобаға баспасөз релизі мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында 2022 жылғы «_____»________ орналастырылды.

  1. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді.

  1. Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисап нәтижесі

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Үлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі

 Жоқ.

  1. Мемлекеттік органда қоғамдық кеңесті құру «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген жағдайды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі

Жоқ.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары  –

Қаржы министрі                                                                     Е. Жамаубаев

 

Дата публикации
05 декабря 2022