Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жекешелендіру объектілерін аукцион мен тендер, жабық тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықтарда, сондай-ақ тікелей атаулы сату арқылы сату, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді.»;
42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Тендер немесе жабық тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Тендер немесе жабық тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.
«Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығы.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Түзетулер Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгертілуіне байланысты енгізіледі.
Енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысы.
Талап етілмейді.
Халықаралық шарт болып табылмайды.
Рұқсат етіледі.
Жоба 2022 жылғы ___ ___________ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ 2022 жылғы ______________ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (88 килобайт).
Талап етілмейді.
Сәйкес келеді.
Талап етілмейді.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
20-бабының 2-тармағына сәйкес қоғамдық кеңес ұсынымдарды мемлекеттік орган белгілеген мерзімде ұсынбаған жағдайда, консультативтік құжат немесе нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі Е. Жамаубаев
«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
Р/с № |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылып отырған редакция |
Негіздеме 1) түзетудің мәні; 2) енгізілетін әрбір түзетудің нақты негіздемесі; 3) тапсырманың нөмірі, күні (болған кезде). |
|
«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысы |
||||
|
1. |
кіріспе |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағының 3-абзацына сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде олардың тіркелген нөмірлерін, сондай-ақ қабылданған күндерін көрсету талап етілмейді. |
|
Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы |
||||
|
2. |
1-тармақ |
1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жекешелендіру объектілерін аукцион мен тендер, жабық тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықтарда, сондай-ақ тікелей атаулы сату арқылы сату, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді. |
1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жекешелендіру объектілерін аукцион мен тендер, жабық тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықтарда, сондай-ақ тікелей атаулы сату арқылы сату, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді. |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағының 3-абзацына сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде олардың тіркелген нөмірлерін, сондай-ақ қабылданған күндерін көрсету талап етілмейді. |
|
3. |
42-тармақтың екінші бөлігі |
42. ... Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады. |
42. ... Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
|
«Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес келтіру. |
|
4. |
43-тармақ |
43. Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады. |
43. Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады. |
«Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес келтіру. |
|
5. |
59-тармақ |
59. Тендер немесе жабық тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Тендер немесе жабық тендер Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі. |
59. Тендер немесе жабық тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Тендер немесе жабық тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі. |
«Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес келтіру. |