«Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасы Қазақстан Республикасының Aзаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген және негізгі құрал- жабдықтарға (активтерге) жататын мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу тәртібін айқындайды.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін есептен шығару актілері келісілген кезде тиісті органның мөрімен бекітілген, басшының немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адамның қолы, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде аппарат басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның қолы қойылады.

Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттардың бір данасы тиісті келісуші органда қалады, қалған екеуі мемлекеттік заңды тұлғаға жіберіледі.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілерін мемлекеттік заңды тұлғалардың басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адам бекітеді.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                       Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

 

 

«Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

                                     ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері.

Жоба «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисап, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаражат талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтиже мерзімі.

Жобаның мақсаты мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның уәкілетті басшысының мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілерін бекіту және келісу мүмкіндігін көздейтін норманы толықтыру болып табылады, бұл өз кезегінде мемлекеттік заңды тұлғалардың бірінші басшыларының жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және олардың іске асырылу нәтижесі туралы мәліметтер.

«Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысы енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Талап етілмейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат.

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі.

Рұқсат етіледі.

  1. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт көлемі).

Жоба 2022 жылғы 8 тамызда мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, 2022 жылғы 5 тамызда http://www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде  67 КБ, есеп қоса беріледі).

  1. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің немесе зияткерлік меншік құқықтарының саудасына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизін уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында орналастыру туралы ақпарат.

Талап етілмейді.

  1. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді.

  1. Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисап нәтижесі.

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ескертулері жоқ.

  1. Мемлекеттік органда қоғамдық кеңесті құру «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген жағдайды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2- тармағына сәйкес қоғамдық кеңес ұсынымдарды мемлекеттік орган белгілеген мерзімде ұсынбаған жағдайда консультативтік құжат немесе нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрін
ің

орынбасары –

Қаржы  министрі                                                                  Е. Жамаубаев

 

 

«Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

 

Р/с№

 

Құқықтық актінің құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме:

1) түзету мәні;

2) әрбір енгізілетін түзетудің дәлелді негіздемесі;

3) тапсырмалардың (болған кезде) нөмірі, күні.

1

2

3

4

5

Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасы

1.

1-тармақ

    1. Осы Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Aзаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді және дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген және негізгі құрал- жабдықтарға (активтерге) жататын мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу тәртібін айқындайды.

    1. Осы Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасы Қазақстан Республикасының Aзаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген және негізгі құрал- жабдықтарға (активтерге) жататын мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу тәртібін айқындайды.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес заңдарды қоспағанда нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің тақырыбында, актінің нысанына, қабылданған күніне, тіркеу нөміріне және тақырыбына сілтеме қамтылуға тиіс.

2.

16-тармақ

    16. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін есептен шығару актілері келісілген жағдайда тиісті органның мөрімен бекітілген, басшының не оның міндетін атқаратын адамның қолы, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде аппарат басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның қолы қойылады.

      Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттардың бір данасы тиісті келісуші органда қалады, қалған екеуі мемлекеттік заңды тұлғаға жіберіледі.

16. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін есептен шығару актілері келісілген кезде тиісті органның мөрімен бекітілген, басшының немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адамның қолы, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде аппарат басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның қолы қойылады.

      Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттардың бір данасы тиісті келісуші органда қалады, қалған екеуі мемлекеттік заңды тұлғаға жіберіледі.

   «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығының 10-тармағының 1-тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы құжаттарға қол қою құқығын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің жекелеген басшыларына беруге мүмкіндік беріледі.

   «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес басшылық немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар адамдарды анықтайды.

    Сонымен қатар «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың істен шығу (есептен шығарылуы), автокөлік құралдарының есептен шығарылу (есептен шығарылуы) актілерін мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам бекітеді.

 «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомына сәйкес                   № ОС-3, № ОС-4, № БА-2, № БА-2А нысаны бойынша актілер (негізгі құралдарды, аяқталмаған құрылысты және инвестициялық жылжымайтын мүлікті есептен шығаруға көлік құралдарын, биологиялық активтерді) мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға бекітеді.

 Осыған байланысты бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар адамдарды басшының айқындауына жол беретін заң нормаларын ескере отырып, мемлекеттік заңды тұлғаның басшысы уәкілеттік берген тұлғаның мүлікті есептен шығару актілерін келісу және бекіту мүмкіндігі бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылады.

    Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары А.Жәкеновтың 2022 жылғы 10 қазандағы № 19-15/Б-619 тапсырмасына сәйкес.

3.

18-тармақ

   18. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілерін мемлекеттік заңды тұлғалардың басшысы не оны алмастыратын адам бекітеді.

   Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілерін мемлекеттік заңды тұлғалардың басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адам бекітеді.

 

Дата публикации
05 августа 2022